Премьер-министр және бірқатар партиялардың төрағасы дауыс берді
Еліміздегі саяси тұлғалардың сапынан алғашқылардың бірі болып дауыс бергендердің арасында премьер-министр және бірқатар партиялардың төрағасы бар.
Автор: Ербол Тұрымбет, Нұрқанат Омарұлы
10.01.2021
Нұр-Сұлтандағы «Астана» концерт залында орналасқан №138 сайлау бөлімшесіне Премьер-министр Асқар Мәмин алғашқылардың бірі болып дауыс беруге келді. Жалпы таңғы сағат 7-9 аралығында ел астанасында бірқатар партия төрағалары да мекенжайлары бойынша сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасады. Араларында «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев, Қазақстан халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!