{metadescription}
Сайлау: Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өз таңдауын жасады
Сайлау: Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өз таңдауын жасады

Сайлау: Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өз таңдауын жасады

Алматыдағы сайлау учаскелерінде де жұмыс қыза түсті. Бірер сәт бұрын қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өз таңдауын жасады. Сайлау учаскесінде таңнан бері КТК арнасының түсірілім тобы жүр. Алматыда дауыс беру қалай өтіп жатыр?

Алматыдағы 377-ші сайлау учаскесі. Сайлау енді жандана бастады. Ең белсенді тұрғындар дауыс беруге сайлау учаскесі ашыла сала келді. Көпшіліктің көңілі көтеріңкі. Бірі алыс жолға жүретіндіктен ерте келсе, енді бірі азаматтық борышын атқаруды асыға күтіп, таңғы сағат 6-да тұрыпты.

Бибігүл Әлібекова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Таңертең сағат 6-да тұрдым. Жүрегім дүрсілдеп тұр.

Ерте  тұрып дауыс бергендер қатарында Алматы қаласының әкімі де бар. Бақытжан Сағынтаев бір сағат бұрын өз сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Шаһар басшысы саяси науқанға жалғыз келген. Сағынтаев: «Қандай қиындық болса да, әр азаматтың таңдау жасауына мүмкіндік беру керек», - дейді. Себебі – саяси науқанда әр дауыс маңызды.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

Әр азаматтың өз құқығын орындауға біз мүмкіндік беруіміз керек. Өздеріңіз көріп отырғандай, қалада барлық учаскеде жағдай жасалған. Болашағымызды шегелеуіміз керек, дамытуымыз керек. Сол себептен де бүгінгі сайлау елдің болашағы, ұлттың болашағы, мемлекеттің болашағы, өсіп келе жатқан жастардың болашағы үшін жүргізіліп жатыр.

Дауыс беру учаскесіне келушілерге екі бюллетеннен беріліп жатыр. Сайлаушылар Мәжіліс және мәслихат депутаттарын қатар таңдайды. Пандемия жағдайындағы сайлауда санитарлық талаптарға ерекше мән берілген. Дауыс беруге келген әр адамның дене қызуы өлшенеді. Дене қызуы жоғары адамдар бөлек бөлмеде дауыс береді. Бетпердесіз келген тұрғындарға тегін бетперде беріледі.

Әдетте Алматыда сайлау күні қоғамдық көлік тегін болатын. Базарлардың да жұмысы тоқтайтын. Бірақ бұл жолы базарлар да ашық, қоғамдық көлік те ақылы. Бірақ бұл жұртқа тосқауыл емес сияқты.

Алматыда 581 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Ал дауыс беру құқығына ие тұрғын саны – 1 132 298. Сайлау учаскелері кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Яғни азаматтардың таңдау жасауына әлі уақыт бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде