{metadescription}
Жапония және Кореяда тұратын қандастарымыз дауыс берді
Жапония және Кореяда тұратын қандастарымыз дауыс берді

Жапония және Кореяда тұратын қандастарымыз дауыс берді

Бүгін ең алғаш боп Жапонияда тұратын қандастарымыз дауыс берді. Халықаралық уақыт бойынша ең бірінші Корея, одан кейін Жапониядағы сайлау учаскелері біздің елден бірнеше сағат бұрын жұмысын бастаған.  

Сыртта жүрсе де ел жаңалығына елеңдеп отыратын отандастарымыз бүгін сайлауда белсенді. Мәселен, Токиода тұрып жатқан азаматтарымыз таңғы жетіден өтер-өтпестен сайлау учасчкесіне дауыс беруге келген. Қазақстанның Жапониядағы елшілігі ішінен ашылған арнайы орында санитарлық талап қатаң сақталған. Қызметкерлер медициналық бетперде тағып қана қоймай, резеңке қолғап, одан қалды бетті қалқалайтын пластикалық бетперде де таққан. Токиода жүрген қандастарымыз ара қашықтық сақтап, қауіпсіз дауыс беруге әдейі кең бөлме де таңдалыпты.   

Жазира Горковенко:

Мен өзім Канадада Ванкувер қаласында тұрамын. Токиода тұратын ата-анама қонаққа келдім. Әрине, бүгін біздің ел үшін өте маңызды күндердің бірі. Сондықтан шетелде жүрсем де шет қалмай, өз үлесімді қосқым келді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде