{metadescription}
Сайлау: Үш сағатта елорда тұрғындарының белсенділігі қалай?
Сайлау: Үш сағатта елорда тұрғындарының белсенділігі қалай?

Сайлау: Үш сағатта елорда тұрғындарының белсенділігі қалай?

Дауыс берудің басталғанына да үш сағаттан асты. Азаматтардың белсенділігі қалай екен? Елорда сайлау учаскелері таңғы сағат 7-ден ашық. Бүгін күн біршама аязды болғанымен, азаматтар белсендігі өте жоғары. Өз таңдауын жасауға барлық жағдай жасалған. Орталық сайлау комиссиясынан тікелей эфир.

Орталық сайлау комиссиясының ғимаратында сағат сайын еліміздегі сайлау учаскелерінде Парламент Мәжілісі  мен мәслихаты депутаттары сайлауының қалай өтіп жатқаны туралы ақпарат жаңартылып жатыр.

Елімізде 10 мың 60 сайлау учаскесі бар. Соның ішінде 66 сайлау учаскесі 53 елде Қазақстанның шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан ашылған. Саяси науқан биыл коронавирус пандемиясы кезінде өтіп жатқандықтан денсаулық сақтау министрлігінің қатаң талабына барлық азамат бағынуы тиіс. Дәлірек айтсақ, сайлау учаскелерінде жүргендер, не дауыс беруге келгендер медициналық бетперде тағуы тиіс. Дене қызуы ғимаратқа кірер кезде тексеріледі. Егер дене қызуы көтерілген болса, ол адам әлбетте сайлауға жіберілмейді. Сөйтіп әр азамат ара қашықтықты сақтай отыра, өз таңдауын жасай алады. Қазақстанның бас санитар дәрігерінің айтуынша, саяси доданың бас-қасында жүргендердің барлығында коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест анықтамасы болуы керек.

Ерлан Қиясов, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері:

- Жалпы, жоспар бойынша додаға түсіп жатқан бес партияға 12 миллиондай қазақстандық дауыс беруі тиіс. Дәл қазір Орталық сайлау комиссиясының кезекті брифингі жүріп жатыр. Осы бойы түскен соңғы мәлімет бойынша үш сағаттың ішінде тізімдегі тұрғындардың  11.6 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде