{metadescription}
Елімізде қанша азаматтың дауыс беру құқығы бар?
Елімізде қанша азаматтың дауыс беру құқығы бар?

Елімізде қанша азаматтың дауыс беру құқығы бар?

Бүгін елімізде Парламент сайлауы өтіп жатыр. Таңғы сағат 7-ден бастап республикамыздың түкпір-түкпірінде 10 мыңға жуық сайлау учаскесі есігін айқара ашқан. Мәжілістегі орынға 5 саяси партия таласуда. Олар:  «Қазақстан халық партиясы», Nur Otan, «Ауыл», Aq jol және Adal партиялары.

Биылғы саяси науқан мерзімінен бұрын емес, конституциямен бекітілген уақытында өтіп жатыр. Бұл Парламенттің VII шақырылымы.

Төменгі палатада 107 депутат бар. Олардың 98-і партиялық тізім бойынша іріктелсе, 9-ы Қазақстан халқы ассамблеясы арқылы өтеді.

Елде қазір 11 миллионнан аса адамның дауыс беру құқы бар. Шетелде жүрген отандастарымыз да дауыс беріп, өз таңдауын жасай алады.

Қазір 51 мемлекетте 66 сайлау бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Барлық сайлау учаскелері кешкі сағат 8-де жабылып, ары қарай дауыс санау процесі басталады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде