{metadescription}
Күдікті мен айыпталушылар қалай дауыс берді?
Күдікті мен айыпталушылар қалай дауыс берді?

Күдікті мен айыпталушылар қалай дауыс берді?

Күдікті мен айыпталушыларға да таңдау жасауға мүмкіндік берілді. Бүгін еліміздегі қамауда жатқан азаматтар да сайлауға қатысуда. Ол үшін тергеу қапастарында арнайы жабық үлгідегі сайлау учаскесі құрылған. Олар қалай дауыс береді? Тергеу қапасында қауіпсіздік талабы сақталған ба?

Петропавлдағы тергеу қапасы. Дауыс беру ел қатарлы таңғы сағат жетіде басталды. Бірақ темірдей тәртіп орнаған. Қамауда жатқандар күзетшілердің қатаң бақылауында болғанымен, сайлау учаскесіне бір-бірден кіргізіледі. Дауыс беріп жатқандар, күдіктілер, айыпталуышлар және үкімі заңды күшіне енбеген сотталушылар. Арасында әйелдер де бар.

Ерлан Мұрзатаев, ЕС-164/1 Мекемесі бастығының міндетін атқарушы:

- Қазір ЕС-164 мекемесі аумағында 154 үкімі заңды күшіне енбеген тергеу қамаудағылар дауыс беруге құқылы. Сайлау учаскесінің барлық мүшелеріне ПТР-тест алынды. Мұнда санитарлық норма сақталды

Мұндағы сайлаушылардың ең жасы 18 жастағы бойжеткен. Ол алғаш рет дауыс беріп отыр. Қарағандыдағы уақытша ұстау изоляторындағылар да бір үйдің баласындай сайлауға қатысты. Бүгін жалпы саны 419 адам таңдау жасауы тиіс.

Оларға партиялардың сайлау алды үгіт-насихат парақшасы екі апта бұрын таратылған. Енді ой қорытып тек дауыс беру ғана қалды. Бірақ кейбірі оны қалай жүзеге асыру керектігін білмей әбден састы. Сондықтан оларға  бюллетень толтыру тәртібін мұқият түсіндіруге тура келген. 

Есімжан Байтасов, АК 159/1 түзеу мекемесінің бастығы:

Ересек адамдар, бірақ қалай белгілеу керегін білмей жатыр. Бұл кісілер енді бұрын мұндай саясы науқанға қатысып көрмегендер. Бәлкім содан болар. Бірақ көрсетіп, бәрін түсіндіріп жатырмыз.

Семейдегі уақытша ұстау абақтысында жатқандар да сайлауға қатысты. Түрлі қылмыс жасаған мұндағы 300-ден аса адамға өзінің конституциялық құқығын қолдаунға мүмкіндік берілді. Тергеу қапасында үкімін күтіп, сот шешімі шықпағандар ғана сайлауға қатыса алады. Ал сотталғандарда таңдау жасау құқығы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.