{metadescription}
Кәмелетке толған егіздер алғашқы сайлауын асыға күткен – Ақтөбе  
Кәмелетке толған егіздер алғашқы сайлауын асыға күткен – Ақтөбе  

Кәмелетке толған егіздер алғашқы сайлауын асыға күткен – Ақтөбе  

Ақтөбеде егіз жігіт алғаш рет дауыс берді. Олар кәмелетке толғалы қатысып отырған алғашқы сайлауды асыға күтіпті.

Әміржановтар отбасының тұңғышы Данияр мен Мадияр қатты қобалжыды. Бюллетенді қайдан аларын білмей абдырап та қалды. Егіздер елордадағы Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университетте оқиды. Індеттің салдарынан әзірге сабағына қашықтан қатысып жүр. Елдегі жаңалықты қалт жібермейтін Данияр мен Мадияр «таңдаудан шатаспадық» деген сенімде.

Мадияр Әміржанов, Ақтөбе қаласының тұрғыны: 

Біз кәмелеттік жасқа толғанда сайлауға бірінші рет қатысып тұрмыз. Сондықтан бұл бізге  өте маңызды. Таңдауымызды жасадық. Елдегі саяси өзгерістерді қарап отырамыз және үлесімізді қосқымыз келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде