{metadescription}
Қарағандылық жас жұбайлар шаңырағын сайлау күні көтеруді ырымдаған
Қарағандылық жас жұбайлар шаңырағын сайлау күні көтеруді ырымдаған

Қарағандылық жас жұбайлар шаңырағын сайлау күні көтеруді ырымдаған

Қарағандыда бүгін некелерін қидыруға бара жатқан жас жұбайлар да дауыс берді. Қол ұстасқан қос ғашық саяси таңдауын да бірге жасауға бел буыпты. 

Күйеу жігіт Нұртай осымен үшінші, ал Қарлығаштың екінші рет сайлауға қатысуы. Енді алғашқы рет бір отбасы ретінде қол ұстасып келіп таңдау жасап отыр. Жастар неке қидыруға арызды 8-желтоқсанда берген. Сондықтан бұл күннің сайлауға түсетінін алдын ала білдік дейді. Тарихи оқиғамен шаңырақ көтеруді ырымдап байланыстырған. Дауыс бергеннен кейін ресми түрде неке қидыру ресіміне барады. Ал тойды пандемияға байланысты туған-туыстың арасында шағын қылып  өткізбекші.

Нұртай Нұрболат, Қарағанды қаласының тұрғыны:

Жоспарымыз осындай, тарихи күнге сәйкес келді. Сондықтан отбасымызды құрап отырып, отбасымызбен бірге сайлауға қатысуды шештік. Әр Қазақстан азаматы белсенді болуы керек деп ойлаймын. Өзіміз енді кішігірім отбасында атап өтеміз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде