{metadescription}
10 қаңтар ішкі әскердің құрылған күні
10 қаңтар ішкі әскердің құрылған күні

10 қаңтар ішкі әскердің құрылған күні

Таң атысымен алғашқылардың бірі болып әскерилер дауыс берді. Әсіресе ұлттық «Ұлан» сарбаздарына бұл күн ерекше. Тек депутаттар сайлауы ғана емес, 10-қаңтар  ішкі әскердің құрылған күні.

Қорғаныс министрлігінің таратқан ақпаратына сәйкес, ел бойынша әскерилер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Оралдағы 5517 әскери бөлімінің қатардағы жауынгерлері бүгін әдеттегіден жиырма минтуқа ерте оянды. Оразаларын ашпастан таңғы жетіде сайлау учаскесіне келіп таңдауын жасады. Cодан кейін ғана таңғы асын ішіп, күзетті ауыстырып, бекітілген тәртіп бойынша жүктелген қызметіне кірісті. Мұндағы жауынгерлердің көбі алғаш рет сайлауда дауыс беріп отыр.

Қолғанат Әшіров, қатардағы жауынгер:

- Ұлттық ұланда қызмет ете отырып Қазақстан Республикасының мәжіліс сайлауында бірінші рет қатысқалы тұрмын. Ел азаматы ретінде өз таңдауымды білдіріп дауыс беремін. Арманым – еліміздегі дамыған елдердің қатарына қосу жолына үлес қосатын халық қалаулыларын таңдау.

Еліміздегі ішкі әскер дәл оныншы қаңтарда құрылған болатын. Сондықтан бұл күнді кәсіби мереке ретінде санайды.

Ернар Әшірбеков, №38 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы:

Ұлттық «Ұланның» бүгін құрылған күні. 29 жыл болып отыр бізге. 1992 жылы 10-қаңтарда ішкі әскер болып құрылған болатын. Әскери бөлімде жабық сайлау учаскесі бүгін жұмыс істеп тұр. Сайлау комиссиясы әскери қызметшілерден жасақталған.

Болашақ әскери ұшқыштар да өз таңдауын жасады. Ақтөбедегі әуе қорғаныс күштері әскери институтының үш 100 курсанты дауыс берді. Олардың арасындағы бірінші курста оқитын жетпісі мұндай саяси науқанға алғаш рет қатысып отыр.

Рамазан Молтай, Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанты:

- Бүгін мен сайлау учаскесіне келіп бірінші рет дауыс бердім. Енді мен Қазақстан Республикасының толыққанды азаматымен. Оны мақтан тұтатмын. Біздің Қазақстанның мықты, қорғалған, гүлденген ел болғанын қалаймын.

Елімізде әскерилер мен курсанттарға 19 сайлау учаскесі жасақталған. Әскерилердің барлығы дерлік түске жетпей өз таңдауын жасап үлгерді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде