Елде митинг бола қалған жағдайда...
Орталық сайлау комиссиясындағы соңғы ақпарат. Сағат 12-дегі ақпар ойынша үш жарым миллионға жуық Қазақстан азаматы өз таңдауын жасап үлгерген.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
10.01.2021
Ең көп дауыс бергендердің қатарында солтүстікқазақстандықтар алда келеді. Содан соң Батыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстары мен Шымкент қалалары тұр. Мұндағы сайлаушылардың 30 пайыздан астамы дауыс беріпті. Ал өзге аймақтардағы жағдай ...
Анастасия Шегорцова, ҚР ОСК мүшесі:
- Ақмола облысы – 26,6, Ақтөбе облысы – 25,6, Алматы облысы – 28,5, Атырау облысы – 29,8, Қызылорда облысы – 28,9, Маңғыстау облысы – 23,7, Павлодар облысы – 33,1, Шығыс Қазақстан – 29,9, Алматы қаласы – 15,7, Шымкент – 34,1 пайыз, Нұр-Сұлтан – 24,2.
Елдегі сайлау учаскелерінде жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті бұзу тіркелмеген. «Сайлау туралы» заңға сәйкес, полиицейлер сайлау учаскелерінің ішінде жүре алмайды. Заң комиссия төрағасы оларды заң бұзу, тәртіпсіздік болған жағдайда шақырта алады.
Арыстанғали Заппаров, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
- «Сайлау туралы» заңның 39-бабына сәйкес, полиция қызметкерлерінің сайлау процесіне араласуға, дауыс беруге арналған ғимараттың ішінде жүруіне құқығы жоқ. Олар тек комиссия төрағасы шақырған жағдайда ғана тәртіпсіздіктің жолын кесу үшін сайлау учаскесіне кіре алады.
Бұл күні 40 мыңға жуық тәртіп сақшысы күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Сондықтан елде митинг бола қалған жағдайда заң бойынша әрекет етеді. Ал президент Тоқаев көшеге талабын білдіріп шыққандарды еш мәжбүрлеу шарасы болмайды деген-ді.
Сайлау сайлаумен, мемлекеттік алқалы орган мүшелерінің түскі асы уақытымен өтті. Қазір мұнда саяси додаға үлес қосып жатқан дауыс берушілердің учаскелерге қаншасы келгені туралы жаңа ақпарат таратып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!