{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев бұл сайлаудың маңыздылығын айтты  
Нұрсұлтан Назарбаев бұл сайлаудың маңыздылығын айтты  

Нұрсұлтан Назарбаев бұл сайлаудың маңыздылығын айтты  

Әлі дауыс бермеген барлық азамат өз конституциялық міндетін орындап, таңдауын жасауы тиіс. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев дауыс беруге қатысып, биылғы сайлаудың маңыздылығына тоқтала кетті.

Нұрсұлтан Әбішұлы елордадағы сайлау учаскесінде дауыс берді. Тұңғыш президент қазіргі қысылтаяң уақытта әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін айтты. Пандемия қыспаққа алған шақта бұл сайлау ел келешегінің бағыты мен бағдарын айқындайды. Оған қоса биылғы сайлаудың шартына сәйкес, парламент пен мәслихаттарда жастар мен әйелдердің үлесі артады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті:

Бұл сайлау деген жай ғана мына жерге келіп, дауыс беру емес. Бұл еліміздің болашағы деген сөз. Қазақ елінің, Отанымыздың болашағы бір, үміті бір, мүддеміз бір. Біздің қанымыз да, жанымыз да бір, жеріміз де бір. Сондықтан бүкіл дүниенің алдында бірлігімізді көрсету керек. Бұл сайлауда біз болашақ үшін, бірлік үшін, еліміздің ішіндегі тыныштыққа дауыс беретін боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде