{metadescription}
Алматыда сайлау қалай өтіп жатыр?
Алматыда сайлау қалай өтіп жатыр?

Алматыда сайлау қалай өтіп жатыр?

Алматыдағы сайлау учаскелерінде де қарбалас. Мұнда таңертеңнен таңдауын жасағандар қатарында шаһар басшысы Бақыт Сағынтаев та бар. Мегаполисте 581 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Қаладағы саяси науқан барысы қалай?

Осынша алматылық бүгін дауыс беруге құқылы. Ең белсенділері әнұран шырқалып, сайлау учаскелері ашылған бойда таңдауын жасады. Әдетте комиссия мүшелері таңмен таласа тұрып бірінші дауыс бергендерге сыйлық үлестіретін. Бірақ бұл жолы ондай жоқ. Соған қарамастан көпшіліктің көңілі көтеріңкі.

Бибігүл Әлібекова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Жүрегім лүпілдеп, жүрегімде тұрған сол өзімнің партияма дауыс бердім. Таңғы сағат 6-да тұрдым. Тіпті одан да ерте тұрып алыппын. Сағат 7-де деп еді, ерте барып аламын ба деп ойладым.

Елден ерте тұрып, сайлауға келгендер қатарында Алматы қаласының әкімі де бар. Бақытжан Сағынтаев таңғы сағат 9-да өз таңдауын жасады. Ол сайлаудың әділ өтетініне сенімді. Әрі бұл жолғы саяси науқанның бұрынғылардан өзгерек екенін атап өтті.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

- Биыл енді пандемия кезінде өткізіп отырмыз. Бұл енді бәрімізге жаңа сын. Бірақ қандай қиыншылық болса да, әр азаматтың өзінің құқығын орындауға мүмкіндік беруіміз керек. Өздеріңіз көріп отырғандай, қала бойынша барлық учаскеде осындай жағдай жасалған.

Мегаполистегі дауыс беру орындарында санитарлық талаптарға ерекше мән берілген. Мұнда келушілердің дене қызуы өлшеніп жатыр. Температурасы сәл бар адамдар бөлек бөлмеде дауыс береді. Ал бетпердесіз келгендер ішке кіре алмайды.

Сайлаушыларға екі бюллетеннен беріліп жатыр. Яғни сайлаушылар Мәжіліс және Мәслихат депутаттарын қатар таңдайды. Жұрт 5 партияның бағдарламасымен жіті танысып келіпті.

Ғабиден Садырбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

Мен бала кезден сайлауға қатысып жүрмін. Бір сайлауды өткізгенім жоқ. Ал биылғы сайлау... қазір зейнеткермін, бала-шағам, немерем бар. Солар бақытты болсын деп келдім.

Сайлау учаскелері кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде