{metadescription}
Дубайға саяхаттаған жерлестеріміз де дауыс беруге мүмкіндігі бар
Дубайға саяхаттаған жерлестеріміз де дауыс беруге мүмкіндігі бар

Дубайға саяхаттаған жерлестеріміз де дауыс беруге мүмкіндігі бар

Таяу Шығыста отандастармыз да таңдау жасай алады. Әбу-Даби мен Дубайға саяхаттап кеткен жерлестеріміздің де сайлауға қатысуға мүмкіндігі бар. Демалыстан қолы қалт еткен қандастарымыз елшілікке барып дауыс бере алады.  

Сұлулығынан көз сүрінетін зәулім сарайдай ғимаратта орналасқан Дубайдағы елшілігіміз жергілікті уақытпен сағат таңғы жетіде есігін айқара ашты. Әдетте карантинге байланысты мұнда келу үшін алдын ала хабарлау керек. Бірақ бүгін ерекше күн. Сондықтан келушілер емін-еркін келіп дауыс бере алады. Әрине, карантин талаптары сақталады.

Сәкен Мамаш, елшіліктегі учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

- Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай және Солтүстік әмірліктер бойынша сайлау учаскесі Дубай қаласындағы бас консулдықта ашылды. Әбу-Дабидегі және Дубай қаласындағы сайлау учаскелері жұмысын бастап, сайлаушыларды қабылдауға дайын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде