{metadescription}
Тоқаев АҚШ-та болған оқиғаға бағасын берді 
Тоқаев АҚШ-та болған оқиғаға бағасын берді 

Тоқаев АҚШ-та болған оқиғаға бағасын берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беріп, саяси науқанға қатысты мәлімдеме жасады. Президенттің қандай мәлімдеме жасады?  

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкаға кететінін айтты. Ол заң бойынша да солай. Мемлекет басшысы Мәжіліске бірнеше партияның өтетініне де үміттенеді. Сондай-ақ ол апта басында АҚШ-та болған оқиғаға да бағасын берді. 

Мемлекет басшысының айтуынша саяси додаға түсіп жатқан барлық партияға тең мүмкіндік берілген. Сондықтан сайлаудың әділ әрі анық өтеріне еш күмән жоқ.

Тоқаевтың өз сөзімен айтсақ, бұл сайлау елге, әсіресе азаматтық қоғамға өте үлкен сынақ. Сондай-ақ, Парламентке неғұрлым көп партия кірсе, соғұрлым ел тағдыры мен болашағына жақсы ықпалы болады. Парламентте дискуссия болады, сол арқылы сапалы заңдар қабылданады. Ал елде наразылық жағдайлары тіркеліп жатса, полиция заң аясынан аспайды деп сендірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Меніңше, наразылық білдіру бүкіл әлемде бар жағдай. Полицияның әрекетіне келер болсақ, олар тек заңға сай қызмет атқарады. Наразылық танытушыларға қатысты ешқандай жазалау шаралары қолданылмайды. Нақтылап айтайын, біздің құқық қорғау органдары тек біздің заңнамамызға сай жұмыс істейді.

Бүгін таң атысымен халықтың сайлай учаскелеріне көптеп ағылып жатыр. Мұны халықтың саяси белсенділігінің жоғары екендігінің бір көрсеткіші десек болады. Президент Тоқаев та бүгін осы жағдайды ерекше атап өтті. Ал елдегі ірі реформалар Парламенттің жаңа құрамы жасақталған соң да жалғаса береді. Заң бойынша Үкімет отставкаға кетуі керек. Ал президент жаңа Үкімет құрамын қайта жасақтау мақсатында Парламентке барады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Биыл қаңтардың 15-інде мен Парламентке барып депутаттардың алдында сөз сөйлеймін. Бірнеше өзекті мәселе көтеріледі. Ең алдымен реформалар бойынша. Реформаларды жалғастыру керек, міндетті түрде.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде