{metadescription}
Сайлау конституциямен бекітілген уақытында өтіп жатыр
Сайлау конституциямен бекітілген уақытында өтіп жатыр

Сайлау конституциямен бекітілген уақытында өтіп жатыр

Бүгін елімізде Парламент сайлауы өтіп жатыр. Таңғы сағат 7-ден бастап республикамыздың түкпір-түкпірінде 10 мыңға жуық сайлау учаскесі есігін айқара ашқан. Ал Мәжілістегі орынға 5 саяси партия таласуда.

Биылғы саяси науқан мерзімінен бұрын емес, конституциямен бекітілген уақытында өтіп жатыр. Бұл Парламенттің VII шақырылымы.

Төменгі палатадағы 98 мандатқа «Қазақстан халық партиясы», Nur Otan, «Ауыл», Aq lol және Adal партиялары үмітті. Олар кемі 7 пайыздық межеден асуы керек.

Елде 11 миллионнан аса адамның дауыс беру құқы бар. Шетелде жүрген отандастарымыз да дауыс беріп, өз таңдауын жасай алады. Қазір 51 мемлекетте 66 сайлау бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Барлық сайлау учаскелері кешкі сағат 8-де жабылып, ары қарай дауыс санау процессі басталады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде