Құжаты жоқ қаңғыбастар қалай дауыс берді?
Көкшетауда тұрақты мекенжайы жоқ қаңғыбастар да бүгін өз таңдауын жасады. Қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына №31 сайлау учаскесінен арнайы бюллетень жәшігі жеткізілді.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
10.01.2021
Сайлау учаскесіне аталмыш орталықты паналаған 45 адамның барлығы бара алмайтын еді. Олардың көбі таяққа сүйенген, арбаға таңылған мүгедектер. Бірақ дауыс беруге бәрі ниетті. Алайда қаңғыбастардың 25-інде мүлдем құжат жоқ болып шықты. Олар үй-күйсіз қаңғырып жүріп жеке басын анықтайтын куәлігінен айырылған. Сондықтан бүгін тек 20 адам ғана кезекке тұрып өз таңдауын жасады.
Омар Әйтекеев:
- Баспанам жоқ болса да, құқығым бар ғой. Өз құқығымды пайдаланып дауыс беріп жатырмын. Құжатым болмаған, құжатымды істеп берді. Рақмет!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!