Қарағандыда екі «аю» дауыс беруге келді
Қарағандыда сайлауды сайқымазаққа айналдырғандар табылды. Сайлау бөлімшесіне аюдың киімін киіп келген екі жігіт дауыс береміз деп дау шығарған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
10.01.2021
Америкада кең танымал Тедди ойыншық аюының киімін кигендер сайлау учаскесіне арнайы келген. Бұл сайқымазақты біреуі таспаға түсіріп те жүр. Алайда оларды бөлімше табалдырығынан ешкім аттатпады. «Аюлар» бас киімін шешпей салғыласып жүргендеріне өздері дән риза. «Өйткені олар дауыс беріп, өз таңдауын жасау үшін емес, сайлауды күлкіге айналдыру үшін әдейі келген» - дейді сайлау комиссиясындағылар.
Бақытжан Махаева, Сайлау учаскесінің төрайымы:
- Бүгін таңертең біздің сайлау учаскесіне екі жігіт аюдың киімін киіп келді. Қолдарында құжатты болғанымен, бас киімдерін шешпегендіктен біз олардың жеке тұлғасын танып біле алмай, екі жас жігітке сайлау учаскесіне кіруге рұқсат бермедік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!