{metadescription}
Босана сала дауыс берді – Өскемен
Босана сала дауыс берді – Өскемен

Босана сала дауыс берді – Өскемен

Өскеменде Ана мен бала орталығындағы әйелдер де саяси науқаннан тыс қалған жоқ. Орталықтағы 170-ке жуық келіншек бүгін перзентханада жатып-ақ өз таңдауын жасаған.

Орталықта жатқан әйелдер таңғы 7-ден бастап дауыс бере бастады. Олардың көпшілігі жас босанғандар. Арасында енді ана атанатындары да бар. Күннің суығында сайлау учаскесіне жүгірмей-ақ,  дәл перзентхана ішінде дауыс беруге мүмкіндік жасалғанына барлығы дән риза. Тіпті енді босана сала, қол-аяғын бауырына жинап үлгермеген жас аналар да дауыс беріп үлгерді.  

Ермек Омаров,  Ана мен бала орталығының бас дәрігері:

Бүгін түнгі сағат он екіден бастап, жалпы 14 бала дүние есігін ашты. Арасында ұл да, қыз да бар. Ал аналары жабық түрде сайлауға бір кісідей қатысты. Отадан кейін төсекте жатқандар өз палатасында дауыс беруге мүмкіндік алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.