{metadescription}
Ольга Рыпакова: Мен өз елімнің патриотымын
Ольга Рыпакова: Мен өз елімнің патриотымын

Ольга Рыпакова: Мен өз елімнің патриотымын

Еліміздің зиялы қауым өкілдері мен өнер адамдары, спортшылары сайлаудан тыс қалмай таңдауын жасап жатыр. Таңмен таласа арнайы учаскеге келгендер ел өміріндегі елеулі оқиғаның ортасынан табылу азаматтық парызы екенін айтады.

Сайлау учаскесі ашыла салып жеткен Асылы Осман алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Саяси науқаннан бірде-бір рет қалмағанын айтқан қоғам қайраткері бұл әрекетін жастарға үлгі еткісі келеді. Сондай-ақ берілген әр дауыстың келешекке маңызды зор екенін ұмытпаған жөн дейді.

Асылы Осман, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшес:

- Үнемі алдында ең алғашқы болып келемін. Өзіңнің еліңе деген, жеріңе деген сүйіспеншілігің, сенімің болуың керек қой. Өйткені халық өзіне сенетін сенімді адамдарын сайлайды. Тек қана сол сайланған адамдар өзінің ұлттың, халықтың көкей үндесіне, үддесінен мүддесінен шықса екен деймін мен.

Өз таңдауын жасаған белгілі ақын Нұрлан Оразалин де еліміздің саяси өмірінен шет қалмау керектігін айтады. Бұған қоса аламанға түскен жастарымыздың көп екеніне қуанып отыр. Айтуынша, Парламент жаңарған соң оның халық пен қоғамға тигізер әсері мол болмақ.

Нұрлан Оразалин, ақын:

- Бізге ұрпақтың тыныштығы керек. Балаларымыздың ұйқысының жақсы, тәтті болғаны керек. Бірлік керек. Береке керек. Осыған дейінгі тәуелсіз ел ретінде жеткен жетістіктерімізді, алған асуларымызды сақтау үшін ішіміздегі дауысты келіп, міне, сол құқымызды пайдаланып беруіміз керек.

Әнші Біржан Хасанғалиев өзі басқаратын музыка колледжінің ғимаратындағы сайлау учаскесінде белсенділік танытып жүр. Таңнан бері қараша халықты қарсы алып жүрген ол сайлаудың жоғары дәрежеде өтетініне сенімді. 

Біржан Хасанғалиев, П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры:

- Міне, бүгін де әнұранымызды қойып сағат 7-де сайлау учаскемізді ашып, сайлау жүріп жатыр. Сайлау участкілерінің мүшелері болғандықтан, сайлау учаскесіне берілген тізіммен дауыс бердік. Азаматтық борышымызды орындадық.

Осылайша саяси науқанға үн қосқанның бірі – спортшы Ольга Рыпакова. Әр сайлауда отбасымен келетін жеңіл атлет бұл жолы жалғыз келді.  

Ольга Рыпакова, спортшы:

Бүгін өзгеше форматта дауыс беріп жатырмыз. Үйде қалған балаларым бүгінгі сайлаудың ерекше мәнге ие екенін жақсы біледі. Мен өз елімнің патриотымын. Қазіргі бейбіт заманымыздың ары қарай жалғасып, спорттың, мәдениеттің дамуы үшін дауыс бердім.

Таңдауын жасаған зиялы қауым өкілдері барша отандастарымызды жұмыла жұдырық болуға шақырды. Алайда сайлау учаскесіне баруға мұршасы келмеген танымал тұлғалар да бар. Оларға карантин кезінде сыртқа шығуға тыйым салынғандықтан үйінде дауыс берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде