{metadescription}
Деректермен бөлісуде әйелдер белсенді екен – Экзитпол  
Деректермен бөлісуде әйелдер белсенді екен – Экзитпол  

Деректермен бөлісуде әйелдер белсенді екен – Экзитпол  

Қай партияға дауыс бергенін және қай ұлттан болатыны жайлы деректермен бөлісуде әйелдер қауымы белсенді екен. Ел астанасында КТК тапсмырмасымен сауалнама жүргізіп жүрген Демократия институты қызметкерлерінің қорытындысы осындай.

Экзитпол әдісімен сауалнама жүргізу барлық сайлауға тән дүние. Нұр-Сұлтандағы экзитполды жүзеге асырушылар сайлау күнін төртке бөлген. Яғни төрт мәрте қорытындыларын тапсырып отырады. Сауалнаманың қорытындысы дауыс беру нәтижесі жарияланбай тұрып белгілі болады. Ал дауыс беріп шыққандарға төрт сұрақ қойылған.

Нәзира Дүйсенбек, Демократия институтының қызметкері:

Әрбір шыққан бесінші адамнан сауалнама жинаймыз. Яғни ол жерде біз адамның жынысын сұраймыз. Сонымен қоса қай ұлт екенін және де жасын сұраймыз. Және де қай партияға дауыс бергенін де сұраймыз. Бұл жерде дауыс берген партиялар толық анонимді түрде сақталады. Яғни қай партияға дауыс бергені құпия сақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде