{metadescription}
Дауыс беруден қай өңір көш бастап тұр?  
Дауыс беруден қай өңір көш бастап тұр?  

Дауыс беруден қай өңір көш бастап тұр?  

Орталық сайлау комиссиясынан жаңа ақпарат! Таңғы 7-ден кешкі 18:00-ге дейін еліміздегі дауыс беру құқығына ие тұрғындардың 58,2 пайызы өз таңдауын жасаған.

Аймақтардың белсенділігі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Мұндағы халықтың 69,8 пайызы Парламент сайлауында өз таңдауын жасапты. Одан кейінгі орында 69,1 пайыз тұрғыны дауыс берген Қостанай облысы тұр. Азаматтары сайлауға белсене қатысқан өңірлердің үштігіне Жамбыл облысы да кіреді. Мұнда халықтың 68,3 пайызы өз таңдауын жасады. Саяси науқанға қатысқан адам саны бойынша Алматы қаласы соңғы орында тұр. Еліміздің ең ірі мегаполисінде 1 миллион 130 мыңнан аса халық дауыс беруге құқылы болғанымен, сайлау учаскелеріне олардың бар-жоғы 27,7 пайызы келіпті. Яғни сайлауға азаматтардың жартысы да келмеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде