Нұр-Сұлтандағы №122 сайлау учаскесінің төрағасы әбден састы
Бар болғаны сайлаудың құпиялығын қамтамасыз еттік. Нұр-Сұлтандағы №122 сайлау учаскесіндегі бейнекамераларының тұмшалануы интернет беттерінде қызу талқыланып жатыр. Ал учаске төрағасы мұны қалай түсіндірерін білмей әбден састы.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
10.01.2021
Мұрат Бекеев, №122 сайлау учаскесінің төрағасы:
- Мен білмеймін. Осылай болды. Осылай ішкі нелері жауып қойды. Мен қайдан білейін, қалқам. Мен кішкентай адаммын. Келді, қарсы алдым, шығарып салдым.
Ел астанасындағы бұл сайлау учаскесінде көрер көзге барлығы ережеге сай ұйымдастырылған. Санитарлық талап та, сайлау ережесі де ескерусіз емес. Бірақ дәл осы тұмшаланған бақылау камералары былайғы жұрттың назарын аудармай қоймады. Тек оның сырын Бас прокуратура былайша түсіндірді.
Азамат Сарғазин, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі:
- Бұл бейнекамералар дауыс беру кабиналарына қарап тұрған. Әрине, сайлаудың құпиялық сынды талабына қайшы болған соң, осылайша орап тастау ұйғарылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!