«Теңіз» кеніші жұмысшыларына дауыс беруге жағдай жасалды
Эпид-ахуалы ушығып «қызыл аймаққа» кірген Атырау облысындағы «Теңіз» кенішінің жұмысшыларына да дауыс беруге жағдай жасалды. Мұнда вахталық істеп жүрген 30 мыңнан астам мұнайшының 7 мыңға жуығы сайлауға қатысуға өтініш берген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
10.01.2021
Азамат Айманакумов, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Сайлаушылар денсаулық жағдайына байланысты және шалғай елдімекендерде тұратын сайлаушылар тиісті учаскелік сайлау комиссиясына өтініш берді. Сол жерге сайлау комиссиясын шақырта алады. Осы бағытта жұмыс ұйымдастырып жатырмыз.
Өңірдегі «Теңіз», «Қарабатан», «Қашаған» және «Ембімұнайгаз» сынды кен орындарының бәріне осындай жағдай жасалған. Ал «Теңіз» кеніші ерекше назарда. Өйткені мұнда вирустың таралуы қатты қарқын алды. Сол себепті Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен індеттің өршуін тежеуге қосымша қаулы мен ішкі тәртіп енгізілген. Соған сәйкес карантиндегі қалашықтан ешкім шыға алмайды. Ал дауыс беру жүзеге асырылып жатыр. Ол үшін жұмысшылардың қолында коронавирус жоқ деген ПТР-тест қорытындысы болуы шарт.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!