{metadescription}
ОСК: Алматы тұрғындарының дауыс беру көрсеткіші төменірек
ОСК: Алматы тұрғындарының дауыс беру көрсеткіші төменірек

ОСК: Алматы тұрғындарының дауыс беру көрсеткіші төменірек

Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауының басталғанына 11 сағаттан асты. Содан бері сайлау учаскелерінде де, бүкіл маңызды ақпаратты таратып отырған Орталық сайлау комиссиясында жұмыс қауырт. КТК телеарнасы мәліметті бүкпесіз жеткізуге тырысып жатыр.

Сағат 16-дағы сайлау учаскелеріндегі жағдай: 11 миллион 915 мың 903 дауыс берушінің 52,5 пайызы белсенді. Бұл – алты миллионнан астам. Екі сағаттан соң саяси дода бітеді десек, бұл тұрғыда алматылық ағайынның дауыс беру көрсеткіші төменірек. Таңнан бері ешбір өңірге жол бермей келген Солтүстік Қазақстан облысы осы жолы Жамбыл облысынан кейін екінші орынға түсті.

Сәбила Мұстафина, ҚР ОСК хатшысы:

- Сайлаушылардың сайлау учаскесіне келуі туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша 20.00-де ұсынылады. Сайлаушылардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 22-00-де беріледі.

Саяси додаға түсіп жатқан бес партияға дауыс берудің дұрыстығын, заңға бағыну талаптарын сайлау учаскелерінде тәуелсіз бақылаушылар, шетелден келген сарапшылар назарда ұстап отыр.  Тәуелсіз мемлекеттер достастығы миссиясының атынан келген бақылаушылар әзірге ешқандай құқықбұзушылықтар болмағанын алға тартады. Бірақ сайлау учаскесінде жүрген кезінде елордалық тұрғын «бейнекамераға түсіріп жатыр» деп шағымданыпты. Бақылаушы дауыс берушілерге сайлау бюллетеньдерінде заң бұзу фактілері орын алмаса, фото-бейне түсірілім жасау рұқсат етілгенін еске салған.

Виктор Бондарев, ТМД бақылаушылар миссиясының мүшесі:

- Біз соңғы болған, опера және балет театрында алты сағат ішінде сайлауға арналған жәшік толып қалды. Бюллетендерьдің сыймай жатқаны көрініп тұр. Соған қарағанда екінші сайлау жәшігін ол жерге қою керек секілді.

Өз мерзімінде өтіп жатқан сайлау ең қымбат шараның бірі. Оған бюджеттен 11 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Маңызды науқан екі бюджеттік жылдың тоғысында өтіп отырғандықтан, шығынның 4,5 миллиарды 2021 жылға арналған бюджеттен алынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 қазан

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде