{metadescription}
Сайлау: Әкімдердің бірі журналистерді көріп тезірек кетуге асықты
Сайлау: Әкімдердің бірі журналистерді көріп тезірек кетуге асықты

Сайлау: Әкімдердің бірі журналистерді көріп тезірек кетуге асықты

Саяси науқанға әкімдер де белсене қатысты. Еліміздің ірі өңірлерін басқаратын тұлғалар түске дейін дауыс беріп тастады. Пандемия жағдайындағы сайлауға шенеуніктер санитарлық талапты қатаң сақтап келген. Әкімдердің бірі өз таңдауын жасаған соң, саяси доданың ұйымдастырылуын бақыласа, енді бірі журналистерді көріп тезірек кетуге асықты.

Жамбыл облысының әкімі дауыс беруге әйелімен бірге келді. №35 сайлау учаскесіне ерте жеткен ерлі-зайыпты Сапарбаевтар алдымен ел қатарлы дене қызуын өлшетті. Олар мұнда бетпердемен қоса, медициналық қолғапқа дейін киіп келіпті. Өзі қалаған партияға дауыс беріп болған соң, әкім мұндағы бақылаушылар мен комиссия мүшелерінің жұмыс жағдайы туралы сұрады. Тілшілермен тілдесуге де уақыт тапты. Соған қарағанда жақында ғана коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырған әкім қазір өзін жақсы сезінетін секілді.

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:

- Мен бақылаушылардан қандай кедергі, тосқауылдар деп сұрадым. Өздеріңіз естідіңіздер. Ондай ештеңе жоқ. Әр азамат мемлекет алдында борышын өтесе, онда жаман болмайды. Жалпы менің ойымша, көңіл-күй жаман емес.

Ақтөбе облысының әкімі де таңдауын жасауға асыққан. Оңдасын Оразалин жергілікті уақыт бойынша сайлауға таңертең сағат сегізде келді. Бірақ ерте тұрамын деп ұйқысы қанбай қалды ма, әйтеуір журналистерді қасына жақындатпады. Оразалин саяси додаға жалғыз келген. Алматы қаласының әкімі де не жұбайын, не бала-шағасын ертпепті. Сайлауға бір өзі келген мегаполистің басшысы әр адамның дауысы маңызы екенін тағы бір ескертті.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

- Әр азаматтың өз құқығын орындауға мүмкіндік беруіміз керек. Өздеріңіз көріп отырғандай, қала бойынша барлық учаскеде осындай жағдай жасалған. Алдағы болашағымызды шегелеуіміз керек, дамытуымыз керек. Сол себептен де бүгінгі сайлау елдің болашағы, ұлттың болашағы, мемлекеттің болашағы, өсіп келе жатқан жастардың болашағы үшін жүргізіліп жатыр.

Өзгелерге қарағанда Шымкент қаласының әкімі саяси додаға ұйқысын қандырып келді. Мұрат Әйтенов таңғы сағат 7-де ашылған сайлау учаскесіне сағат 10-да бір-ақ жетті. Әдетте әкімнің қасынан қалмайтын қолшоқпарлары бұл жолы болған жоқ. Тіпті орынбасарлары да, отбасы мүшелері де көрінбеді. Өз учаскесінде 83-ші болып дауыс берген әкім 617 мың сайлаушысы бар Шымкент бүгінгі науқанда белсенділік танытатынына сенімді.

Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:

- Азаматтық борышымды орындап дауыс беріп кеттім. Шымкентте қазір 312 сайлау учаскесі бар.

Осылайша еліміздің ең ірі өңірлерін басқаратын тұлғалар түске дейін дауыс беріп тастады. Өйткені, оларды елдің болашағы қатты алаңдатады екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 қазан

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде