{metadescription}
Тоқаев: Наразылық білдірушілерге ешқандай жазалау шарасы қолданылмайды
Тоқаев: Наразылық білдірушілерге ешқандай жазалау шарасы қолданылмайды

Тоқаев: Наразылық білдірушілерге ешқандай жазалау шарасы қолданылмайды

Наразылық білдірушілерге ешқандай жазалау шаралары қолданылмайды. Елордада сайлау науқанына қатысып дауыс берген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерінің қандай жағдайда болсын заңнан аттап кетпейтінін атап өтті. Екінші жағынан, халықтың саяси науқанға белсенді қатысып жатқанына президент те көз жеткізді.

Тоқаевтың айтуынша, Парламентте партия көп болған сайын, заң шығарушы органның сапасы арта түседі. Мемлекет басшысы елордада Оқушылар сарайындағы №58 сайлау бөлімшесіне сайлаушы ретінде тіркелген екен. Президент те елден ерекшеленбей сақтық шараларына аса мән беріпті. Карантиндік талап бәріне ортақ. Медициналық бетпердесінен бөлек, қолына медициналық қолғап киген. Сөйтіп президент те ел қатарлы азаматтық белсенділігін танытты.

Сайлау қорытындысынан ел қашанғыдай тосын жаңалық күтеді. Президент те. Бірақ қандай нәтиже болмасын, ол ел тағдырына, әсіресе азаматтық қоғамға үлкен сынақ. Себебі Парламенттің көппартиялы болуы парламенттік дискуссия қалыптастырады, заң сапасын арттырады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Парламентке неғұрлым көп партия кірсе, еліміздің болашағы үшін соғұрлым жақсы болады деп үмітенемін. Сондықтан сайлау жақсы өтеді, әділ болады деп ойлаймын.

Тоқаевтың айтуынша, сайлаудың әділ де, ашық өтуіне мемлекеттік органдар тарапынан барлық жағдай жасалған. Сайлауалды бағдарламаларын жариялап, елге үгіт-насихат жасауда да бір-бірінен артық кемі жоқ мүмкіндік ұсынылды. Ал наразылық танытып жатқан белсенділерге полиция заңнан аттамайды деп қайырды президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Меніңше, наразылық білдіру бүкіл әлемде бар жағдай. Полицияның әрекетіне келер болсақ, олар тек заңға сай қызмет атқарады. Наразылық танытушыларға қатысты ешқандай жазалау шарасы қолданылмайды. Нақтылап айтайын, біздің құқық қорғау органдары тек заңнамамызға сай жұмыс істейді.

Бір атап өтерлігі, таң атысымен халық сайлау учаскелеріне көптеп ағылып келді. Елдің саяси белсенділігінің жоғары екендігін осыдан-ақ байқауға болады. Оны Тоқаев та байқапты.

Сайлау қорытындысы шыққаннан соң, заң бойынша Үкімет отставкаға кетеді. Ал оны қайта жасақтауға үшінм Президент Парламентке ақылдасуға келеді. Ол жиын 15-қаңтарға белгіленіп отыр. Одан соң Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы келе жатыр. Ол жерде Тоқаев Үкіметке тапсырылатын жаңа реформалар топтамасы бойынша кеңінен тоқталмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.