Түркістан облысында Қасым-Жомарттар мен Сайлаугүлдер көбейді
Түркістан облысында Қасым-Жомарттар мен Сайлаугүлдер көбейді! Бұған бұрын-соңды болмаған бэби-бум себеп болып отыр. Яғни бүгін әдеттегіден екі есе көп бала туылған. Өңірде түнгі екіден түскі 5-ке дейін 102 нәресте дүние есігін ашыпты.
Автор: Бек Әбиев
10.01.2021
Марат Пашимов, Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:
- Сайлау күнінде Түркістан облысы бір күн ішінде осы уақытқа дейін 102 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 57 қыз, 45 бала. Ол бізге үлкен қуаныш. Ата-аналар сөзі бойынша аты-жөні Қасым-Жомарт, Нұрсұлтан және Сайлаубек деген ат қоямыз деген ниеті бар.
Сайлау мен саясатқа жақын есімдерді ырымдап қоюына перзентханаларда орналастырған жәшіктер де себеп болуы м.мкін. Таңғы 7-ден бастап күнгейде 300-ден астам жүкті келіншек дауыс беріпті. Акушерлер әлі ондаған әйелдің ай-күні жақын тұрғанын айтады. Сондықтан баласына белгілі саясаткерлер мен атаулы күннің атын қойғысы келетіндер әлі де көбеюі мүмкін. Күніне 50-60 шақалақ дүниеге келетін өңірде көрсеткіш осылай күрт артқан. Ал жалпы Түркістан облысында жылына 100 мыңға жуық нәресте туылады екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!