{metadescription}
Малшыларға бюллетень жәшігін аязда ат шанамен жеткізді – Ақмола облысы
Малшыларға бюллетень жәшігін аязда ат шанамен жеткізді – Ақмола облысы

Малшыларға бюллетень жәшігін аязда ат шанамен жеткізді – Ақмола облысы

Ақмола облысындағы Ақан ауылының жылқышылары қарлы боранда тебіндегі жылқысын тастай алмай, қыстақта дауыс берді. Оларға Сарыөзек ауылдық округінде орналасқан № 526 сайлау учаскесінен бюллетень жәшігін ат шанамен  жеткізді.

Қарлы боранда  жылқы малының ығып кететінін құрық ұстаған жанның бәрі біледі. Сондықтан «малым  жанымның садағасы» дейтін малшылар саяси науқанға қатысуға құлықты болса да, тебіндегі түлігін тастап кете алмаған. Сондықтан сайлау учаскесіндегілер қыстаққа көлікпен жете алмасын біліп, ауыл аттарын жекті. Тіпті көмекке салт мінгендері де еріп жүрді. Төпелеп жауған қарға қарамастан, бюллетень жәшігін қосқа жеткізіп, жылқышылар дауыс берді. Өзгеден қалмай өз таңдауын жасаған олар талай жыл табын соңында жүріп қыстақта дауыс беріп көрмеппіз дейді. Бірақ биыл  белсенді азаматтардың арқасында конституциялық құқығын пайдаланғандарына дән риза.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде