{metadescription}
Парламент сайлауы мәресіне жетті
Парламент сайлауы мәресіне жетті

Парламент сайлауы мәресіне жетті

Қазақстан тарихындағы жетінші Парламент сайлауы мәресіне жетті. Жаңа ғана белдеудегі уақыттан бір сағат айырмасы бар Қызылорда, елдің батыс бөлігіндегі ағайын дауыс беруін тоқтатты. Ал шетелдегі қандастарымыз ертең Қазақстан уақытымен таңғы сағат 7-де өз таңдауын жасап болмақ.

Парламент сайлауында АҚШ пен Канададағы ел азаматтары соңғы болып азаматтық міндетін орындайды. Ал ең бірінші болып Жапония мен Кореядағы қазақстандықтар дауыс берген. Жалпы консулдық есепте 11 мың азаматымыз тұр. Оның дәл қазіргі уақытта 4532-сі дауыс беріп үлгерген. Негізі елден тысқары кеткендердің саны бұдан көбірек болуы тиіс. Бұған себеп пандемия кезінде бірқатар елдегі шектеулерге байланысты бүгінде кей азаматтар елде жүргендігі. Негізінен шет елдердегі отандастарымызға  бұл парламент сайлауына қатысу қиындық туғызыпты. Коронавирустық ахуал оған кедергі келтірген.

Шахрат Нұрышев, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:

- ҚР-ның шет елдердегі мекемелерінде консулдық есепте 11 мыңнан аса азамат тіркелген. Бұл ретте аталған азаматтардың бір бөлігі бірқатар елдер тарапынан шетелдіктердің соның ішінде оқуын  қашықтан оқып жүрген студенттердің кіруін шектеуге байланысты қазір Қазақстанда жүргенін айта кеткен жөн.  Сайлаушылардың дауыс беруіне кейбір мемлекеттерінде орын алған табиғи апаттар мен ел ішінде жүріп-тұруға енгізілген шектеулер қиындық туғызуда.   

Қазақстандағы сайлаушылардың белсенділігі сағат 20:00-дегі ақпар бойынша 63,1 пайыз болған. Және бұл уақытта 12 өңірде саяси дода аяқталды.  Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау өңірлерінде міне енді дауыс беруді тоқтатып жатыр.

Сәбила Мұстафина, ҚР ОСК хатшысы:

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты сағат 20.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 63,1% алды. Сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22.00-де ұсынылады.

Сайлаудың әділ өтуін қарап, бақылап жүрген бақылаушы, байқаушылар жетерлік. Айтуларынша, елордадағы сайлау учаскелерінде ешқандай заңбұзушылық болмаған. Және бұл жерде ешқандай көзбояушылықтың жоқтығына сенімді.

Жером Ламбер, Франция бақылаушылар миссиясының мүшесі:

- Қазақстандағы сайлауларға қатысуым алғаш рет емес. Саяси науқан әділ өтеді. Мен Қазақстандықтардың таңмен таласып, азаматтық міндеттерін орындап жатқанын көріп қуанып қалдым. Көзбояушылықтардың болмағанына сенімдімін. Ал наразылық білдір кез-келген демокартиялық елде болып тұрады.

Бүгін сайлау учаскелерінде санитарлық талаптарды бұзған 10 бақылаушы шығарылып жіберілген. Алматы мен елордадағы заңсыз митингтер туралы айтар болсақ, ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, көшеге шыққандар ескертуге қарамастан шығыпты. Дегенмен ешбірі әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде