{metadescription}
Қырғызстанда да ең ірі саяси науқан аяқталды. Кім жеңді?
Қырғызстанда да ең ірі саяси науқан аяқталды. Кім жеңді?

Қырғызстанда да ең ірі саяси науқан аяқталды. Кім жеңді?

Қырғызстанда да ең ірі саяси науқан аяқталды. Бүгін қырғыз халқы кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беріп, мемлекеттің басқару жүйесін айқындайтын референдумға қатысты. Елде дауыс беру аяқталғанымен, сарапшылар үміткерлер арасындағы тартыста кімнің жеңіске жететінін айту қиын дейді.

Себебі бұл додада 17 кандидат бақ сынады.

Қыз-қыз қайнаған саяси додада айыр қалпақты ағайындарға таңдау жасау қиынға түскені шындық. Өйткені бақандай 17 адам Президент тағынан дәмелі. Бірақ сарапшылардың пікірінше, негізгі үміткер Садыр Жапаровқа қарсы оппозиция серкесі Адахан Мадумаров тайталаса алады. Ел басқаруға үміткерлер арасында Әбділ Сегізбаев, Қанат Исаев, Курсан Асанов және Қаныбек Иманалиевтердің де салмағы басым. Жеңіске сенімі зор кандидаттың бірі екінші тур өтеді деп болжам жасаса, таласқа түскендердің басқасы ел ішін алатайдай бүлдірмеуге бекіндік дейді.

Адахан Мадумаров, Қырғыз Республикасының президенттігіне үміткер:

- Үміткерлер өте көп. Қай тұрғыдан алсақ та, бірінші кезеңде жеңіске жету мүмкін емес. Кез келген дамыған елде сауалнама қорытындысына сүйенеді. Бізде экзитпол өткізілмейді. Бірақ бұған дейін бір ай бойы жүргізілген түрлі зерттеу қорытындысына сәйкес 47 пайыз иелендім.

Садыр Жапаров, Қырғыз Республикасының президенттігіне үміткер:

- Ел үшін күйген саясатшы қатарынан көрсеткісі келгендер арасында жоқ емес. Солардың тарапынан сайлаудан кейін бір нәрсе қыламыз, контрреволюция қыламыз деген күштер жоқ емес. Бірақ қырғыз еліне, жастарына терең сенемін, ондайға жол бермейміз.

Сайлау кезінде елде 2 мың 474, шетелде 48 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Алайда талай төңкеріс пен толқуды бастан өткерген көршілеріміздің дүбірлі саяси науқаннан көңілі қалған секілді. Себебі халықтың сайлауға деген  белсенділігі төмендеп кеткен.

Нұржан Шайылдабекова, Қырғыз Республикасы ОСК төрайымы:

- Қырғызстандағы Президент сайлауы бойынша кешкі 18:00-ге дейін 1 миллион 180 мың 515 адам дауыс беріп үлгерген. Сайлаушылардың 33,13  пайызы өз таңдауын жасаған.

Қырғызстанда кезектен тыс Президент сайлауымен қатар мемлекеттік басқару жүйесін айқындайтын референдум өтіп жатыр. Онда президенттік, парламенттік басқару формасы немесе барлығына қарсымын деген үш нұсқа көрсетілген. Ал бүгін сайлау учаскесіне бас сұққан экс-президент Сооронбай Жээнбеков тілшілерден тұра қашса да, «президенттік басқаруды» қолдайтынын айтты. 

Референдум ойдағыдай өтуі үшін сайлаушылардың 30 пайызы қатысу керек еді. Соңғы көрсеткіш бұл межеден асып түсті. Ал Президент сайлауында бағы жанған үміткердің қанжығасында 50 пайыздан астам дауыс болуы тиіс. Алайда урнадағы дауысты автоматты түрде санау бойынша Садыр Жаппаров алға шықты. Еншісінде 80 пайызға жуық дауыс бар. Бірақ бұл соңғы нәтиже емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде