{metadescription}
Экзитпол: Жастар сауатты, еш агрессиясыз жауап берді
Экзитпол: Жастар сауатты, еш агрессиясыз жауап берді

Экзитпол: Жастар сауатты, еш агрессиясыз жауап берді

Демократия институты жүргізген экзитпол да аяқталды. Ұйым өкілдері сайлаушылардың дауысын санауға кірісіп кетті. Саяси доданың алдын ала қорытыныдысын арнамыздың түнгі сағат 12.15-тегі арнайы шығарылымында жариялаймыз.

Гүлнар Жандыкеева, «Демократия институты» ұйымының өкілі:

- Жастардың сауаттылығы өте жоғары деп айтуға болады. Бүгін сайлау учаскесінде жастарды көп көрдік. Сауалнамаға да еш агрессиясыз жауап берді. Экзитполда бұрыннан істеймін. Бұрындары оның не екенін көп адам білмейтін. Қазір өте жақсы біледі

Саяси науқанда ұйымның 500 сарапшысы таңнан қара кешке дейін тынбай жұмыс істеді. Институт өкілдері сайлаушылардың таңдауын планшеттеріне тіркеп, жиналған мәліметті бас кеңсесіне толық жіберіп үлгерген. Сауалнамаға сенімсіздік танытып, дауыс берген партиясын құпия ұстағандардың үлесі өте аз болыпты. Жұрттың басым көпшілігі экзитполға түсінікпен қарап, таңдауын жасырмады дейді олар. Саяси дода кезінде жұрт арасынан сауалнама жүргізу әлемдік тәжірибеде кең қолданылады. Әдетте экзитпол нәтижесі ресми мәлімдемемен сәйкес те келіп жатады.

Азамат Әбдірахманов, «Демократия институты» ұйымының өкілі:

- Бүгін маған жеңіл болды. Адамдардың тоқсан пайызы жауап берді. Бес-он пайыз қарсы болғандар бар. Асығыс болғаннан кейін жауап берген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде