{metadescription}
Есілдің сол жағалауында дауыс бергендер...
Есілдің сол жағалауында дауыс бергендер...

Есілдің сол жағалауында дауыс бергендер...

Саяси науқанның ұйымдастырылу барысы, жіберілген қателіктер, шағымдар жайын әлеумет сан-саққа жүгіртті. Дауыс беруге келген саяси тұлғалар да назардан қалған жоқ.

Мәселен, шенеунік атаулының алдын орап, бірінші болып премьер-министр дауыс берсе, көптен көрінбей кеткен кейбір шендіні сайлау учаскелеріндегілер тіпті танымай да қалды. Есілдің сол жағалауында дауыс бергендер туралы.   

Таңмен таласа тұрып шенеунік атаулының алдын орап, сайлау учаскесіне премьер-министр Асқар Мәмин келді. Елбасы да өз таңдауын түске дейін жасады. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолғы сайлаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті:

- Сайлау деген жай ғана мына жерге келіп, дауыс беру емес. Бұл еліміздің болашағы деген сөз. Қазақ елінің, Отанымыздың болашағы бір, үміті бір, мүддеміз бір. Біздің қанымыз да, жанымыз да бір, жеріміз де бір. Сондықтан бүкіл дүниенің алдында бірлігімізді көрсету керек.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов сайлау бөліміне жалғыз келіпті. Артық-ауыз әңгімесіз таңдауын жасап, бюллетеньді жәшікке сүңгітіп кете барды. Кәрім Мәсімов те назарға ілікпей қалар ма еді? Бетперде таққан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасын комиссия мүшелері, тіпті танымай қалды. Ал аты-жөнін естігенде сасқанынан беттерін басты.

Мәжіліс төрағасы болсаң да, сайлау учаскесінде талап бәріне бірдей. Нұрлан Нығматулин өз кезегін сабырмен күтіп таңдауын жасады. Енді кете бергені сол еді, журналистер сауалдарымен қаумалап алды.

Нұрлан  Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

Ал енді жетінші шақырылымның депутаттары осы сұрақтардың барлығын жалғастырып, болашақта елімізге, халқымызға, қазақстандықтарға керек заңдарды қабылдайды деп сенім білдіремін.

Ақпарат министрі Аида Балаева да тәртіпке бағынып кезегін күтті. Дауыс берген соң, журналистердің сұрақтарына да жауап беріп үлгерді. Сонымен барлық саяси элита айтулы іс-шарадан қалмай таңдауларын жасады.

Дауыс беру бір сағат бұрын аяқталғанымен, қай партияның топ жарғаны жайлы айту әлі ерте. Тек түнгі он екіден кете КТК арнасы тапсырыс берген экзитполдың қорытындысы жариялайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.