{metadescription}
Тоқаев: Парламентте партия көп болса, заң шығарушы органның сапасы артады  
Тоқаев: Парламентте партия көп болса, заң шығарушы органның сапасы артады  

Тоқаев: Парламентте партия көп болса, заң шығарушы органның сапасы артады  

Наразылық білдірушілерге ешқандай жазалау шаралары қолданылмайды. Елордада сайлау науқанына қатысып дауыс берген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерінің қандай жағдайда болсын заңнан аттап кетпейтінін атап өтті.

Екінші жағынан, халықтың саяси науқанға белсенді қатысып жатқанына президент те көз жеткізген. Тоқаевтың айтуынша, Парламентте партия көп болған сайын, заң шығарушы органның сапасы арта түседі.

Мемлекет басшысы елордада Оқушылар сарайындағы №58 сайлау бөлімшесіне сайлаушы ретінде тіркелген екен. Президент те елден ерекшеленбей, сақтық шараларына аса мән беріпті. Карантиндік талап бәріне ортақ. Медициналық бетпердесінен бөлек, қолына медициналық қолғап киген. Сөйтіп президент те ел қатарлы азаматтық белсенділігін танытты. Сайлау қорытындысынан ел қашанғыдай тосын жаңалық күтеді. Президент те. Бірақ қандай нәтиже болмасын, ол ел тағдыры үшін  әсіресе азаматтық қоғам үшін үлкен сынақ. Себебі, Парламенттің көппартиялы болуы парламенттік дискуссия қалыптастырады, заңның сапасын арттырады. Тоқаевтың айтуынша, сайлаудың әділ де ашық өтуіне мемлекеттік органдар тарапынан барлық жағдай жасалған. Сайлауалды бағдарламаларын жариялап, елге үгіт-насихат жасауда да бір-бірінен артық-кемі жоқ мүмкіндік ұсынылды. Ал наразылық танытып жатқан белсенділерге қатысты полиция заңнан аттамайды деп қайырды президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Меніңше, наразылық білдіру бүкіл әлемде бар жағдай. Полицияның әрекетіне келер болсақ, олар тек заңға сай қызмет атқарады. Наразылық танытушыларға қатысты ешқандай жазалау шаралары қолданылмайды. Нақтылап айтайын, біздің құқық қорғау органдары тек біздің заңнамамызға сай жұмыс істейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.