{metadescription}
Алматылықтардың саяси белсенділігі неге төмен болды?
Алматылықтардың саяси белсенділігі неге төмен болды?

Алматылықтардың саяси белсенділігі неге төмен болды?

Алматыда да бір сағаттан бері дауыс санау жүріп жатыр. Барлық сайлау учаскесінде де бір сағат бұрын дауыс беру тоқтатылып, есіктер жабылды. Азаматтар өз таңдауын жасады. Соңғы минуттарда сайлаушылардың легі бәсеңдеді.

Жалпы бүгін мегаполисте 600-ге тарта сайлау учаскесі жұмыс істеді. Қазір біз тұрған №371 сайлау учаскесінде алдымен пайдаланылмаған бюллетеньдер саналуда. Одан кейін олар жойылуы тиіс. Қазір ғимаратқа артық адам кіргізілмейді. Санаққа кедергі келтіруге болмайды. Ал бұл жұмысты бақылаушылар жіті қадағалап отыр. Бірақ санақ жүргізіліп жатқан жерге жақындауға рұқсат жоқ. Яғни бірнеше метр қашықтан бақылайды.

Жауапты науқанда Алматы саяси белсенділігі ең төмен қала болды. Еліміздің ең ірі мегаполисінде 1 миллион 130 мыңнан аса адам дауыс беруге құқылы еді. Солардың бар-жоғы 350 мыңдайы таңдау жасауға уақыт бөліп келіпті. Яғни саяси додаға жұрттың 30,3 пайызы қатысты. Азаматтардың сайлауға не себепті аз келгені белгісіз. Айта кетейік, бюллетеньдер саналып болған соң, алдымен аудандық, кейін қалалық сайлау комиссиясына жеткізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.