{metadescription}
Дауыс санау қалай жүріп жатыр?
Дауыс санау қалай жүріп жатыр?

Дауыс санау қалай жүріп жатыр?

Елімізде Мәжіліс пен мәслихат сайлауына дауыс беру аяқталды. 10 облыс пен 3 қалада бір сағаттан бері бюллетеньдерді санау басталып кетсе, батыс өңірдегі сайлау учаскелерінің жабылғанына бірер минут қана.

Парламенттің Төменгі палатасындағы 98 мандатқа 5 партия таласып жатыр. Жеті пайыздың межеден асқандарына депутаттық орын бұйырады. Дауыс санау қалай жүріп жатыр? Алдымен елордадағы жағдайды білейік.

Конгресс холлда №138 және №139 сайлау учаскелері орналасқан. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат тура 20:00-де сайлау учаскелерінің есігі жабылды. Байқаушылардың бақылауымен аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері урналарды ашып, бюллетеньдерді санады.

Жәшікті ашқан кезде талап барынша қатаң сақталғанын атап өткім келеді. Елордада сайлаушылар жергілікті мәслихат пен Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға дауыс берілді. Бюллетеньдер ақ және алқызыл түсті болып бөлінген. Бюллетень санау тәртібі биыл ерекше. Байқаушылар карантин тәртібіне байланысты бұл жолы дауыс санаған кезде олар жақындай алмайды. Ал дауыс санау аумақтық сайлау комиссиясы төрайымының айтуынша, шамамен үш сағатқа созылады. Онан соң арнайы хаттама толтырылып, байқаушылар онымен танысып шығу керек. Сонан соң Орталық сайлау комиссиясына жолданады. Осы жерде ерекше жағдайда дауыс берген бір кейіпкерімізді назарға ұсынғым келіп тұр. Айжамал апа атамыз осы жерге ең соңғы сайлаушы болып келген. Апамызға сайлау учаскесі Абайдың қара сөздері кітабын сыйлады.

Айжамал Әбішева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Біз, үлкен кісілер, намаз бар, адасып кетіп үлгереміз деп ойлағам. Келгеніміз осы болып тұр. Үлгергенімізге қуаныштымыз. Сыйлық алдық. Анау-мынау емес, Абайдың қара  сөздері. Бала-шаға, немере-шөберелеріме көрсетемін. Ішіндегісін оқытып үйретем.

Елде 10 мыңнан астам сайлау учаскесінің 283-і елордада. Мұнда бес партиядан 312 кандидат бағын сынап жатыр. Біздегі мәлімет осындай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.