{metadescription}
Сайлаушылардың 63 пайыздан астамы өз таңдауын жасады
Сайлаушылардың 63 пайыздан астамы өз таңдауын жасады

Сайлаушылардың 63 пайыздан астамы өз таңдауын жасады

Елімізде Парламент сайлауы өтті. Таңғы сағат 7-ден бастап республикамыздың түкпір-түкпірінде 10 мыңға жуық сайлау учаскесі есігін айқара ашты. Мәжілістегі орынға 5 саяси партия таласты.

Биылғы саяси науқан мерзімінен бұрын емес, конституциямен бекітілген уақытында өтті. Төменгі палатадағы 98 мандаттан Қазақстанның халық партиясы, Nur Otan, «Ауыл», Aq jol және Adal партиялары үмітті. Олар кемі 7 пайыздық межеден асуы керек.

Елде 11 миллионнан аса адамның дауыс беру құқығы бар. Соның 63 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Бұл Орталық сайлау комиссиясының алдын ала есебі.

Шетелде жүрген отандастарымыз да дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Оларға 51 мемлекетте 66 сайлау бөлімшесі жұмыс істеген болатын. Биылғы саяси науқан пандемиямен тұспа-тұс келді. Дауыс беруде пандемияға байланысты санитарлық талап қатаң сақталды. Азаматтар учаскелерге медициналық қолғап киіп, медициналық бетперде тағып барды. Сайлаушылардың дене қызуы да тексерілді.

Коронавируспен ауырып жатқандардың ауруханасына сайлау жәшігі апарылды. Сайлау учаскесінің мүшелері үйінен шыға алмайтын адамдың үйіне барды. Бақылаушылар саяси доданың тыныш өткенін айтып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде