{metadescription}
11 миллион 900 мыңнан аса адамның 63,3 пайызы дауыс берді
11 миллион 900 мыңнан аса адамның 63,3 пайызы дауыс берді

11 миллион 900 мыңнан аса адамның 63,3 пайызы дауыс берді

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында елдегі дауыс беру құқы бар 11 миллион 900 мыңнан аса адамның 63,3 пайызы өз таңдауын жасапты. Өңірлерде ең саяси белсендісі – Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Мұнда сайлаушылардың 75,5 пайызы таңдау жасаған. Ең аз көрсеткіш Алматы қаласында.

Оңтүстік астанада бар-жоғы 30 пайыз сайлаушы дауыс берген. Нұр-Сұлтанда 45 пайыздан сәл асса, Шымкентте 56 жарым пайыз. Қалған өңірлердегі көрсеткіш 65-70 пайыз аралығында.

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Біріншіден, өз кезегімен өтіп жатыр. Екіншіден, биыл 29 жасқа дейінгі жастарға саяси додада бақ сынауға мүмкіндік берілді. Жастармен қатар әйелдер квотасы да көптеп бөлінді. Парламент сайлауына бақ сынап жатқан бес партияның 8-і түнде үгіт-насихатын аяқтаған еді.

Алайда 9-қаңтар елде тыныштық күні болса да, әлеуметтік желілерде үгіт- насихат жүргізгендер табылыпты. «Сайлау туралы» заңның талаптарын бұзу фактілерін тіркеген құқыққорғаушылар енді алматылық тұрғынды тауып алып жауапқа тартпақшы. Сайлау заңын бұзудың екінші жағдайы Нұр-Сұлтанда болған. Оны да прокуратура жіті қадағалайды.

Азамат Сарғазин, ҚР Бас прокурордың аға көмекшісі:

- Алматы қаласының тұрғыны конституция заңының 32-бабының бірінші тармағына қайшы, дауыс беру күні өзінің фэйсбуктегі парақшасында партиялардың бірін үгіттейтін пост жариялаған. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102-бабымен жауапқа тарту үшін оның орналасқан жерін анықтау бойынша шаралар қабылдануда.

Елдегі сайлау осымен тәмам. Ертең таңғы сағат 7-де Канада мен АҚШ-тағы отандастарымыз дауыс беруді аяқтайды. Бүгінгі саяси додада 7 жарым миллиондай қазақстандық белсенділік танытып азаматтық міндетін орындады. Алайда Нұр-Сұлтан мен Алматыда сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша дауыс беруші саны аз. Батыстағы төрт өңір мен шырайлы Шымкенттегі ағайынның таңдау жасау көрсеткіші 50 пайыздан асқан. Ал Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облысындағы сайлаушылардың 70 пайыздан астамы қатысқан.

Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

Парламент мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы аяқталды. Шетелдердегі 42 сайлау учаскесінде сайлау жалғасып жатыр. Ал сайлау учаскелерінде дауыс беру қағаздарын санау заңға сәйкес, 12 сағаттан көп уақытты алмауы тиіс.

Сайлауға 16 мың 316 елордалық  тұрғын алғаш рет қатысқан. Кезекті саяси додаға ашылған республиканың әр жеріндегі 10 мың 60 сайлау учаскесі жұмысын аяқтап, бюллетень саналуда.

11-қаңтарда Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын Төменгі палата депутаттарының сайлауы өтеді. Ел тарихындағы маңызды шараға бөлінген 13 сағат та осымен өте шықты. Қызықтың бәрі алда екені белгілі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде