{metadescription}
«Ауыл» партиясының өкілдері экзитпол нәтижесіне көніп отыр
«Ауыл» партиясының өкілдері экзитпол нәтижесіне көніп отыр

«Ауыл» партиясының өкілдері экзитпол нәтижесіне көніп отыр

Парламент Мәжілісі мен мәслиаты депутаттарының сайлауы өз мәресіне жетті. Қазақстаннан тыс жерде орналасқан соңғы сайлау учаскелері  жабылды. Саяси дода айналасындағы жаңалықтар:

Бүгін парламент сайлауының екінші күні. Бүгін Қазақстан халқы ассамблеясының депутаттары сайланып жатыр.  Бір білетініміз, саяси додада Төменгі палатаға қандай партияның жылы орынға жайғасқанын алдын ала экзитпол айтып қойды. Парламенттің де қатары еш өзгермейін деп тұр. Nur Otan, Aq jol, Қазақстан халық партиясы бұл тізімде. Ал саяси додада барынша күшін салған ауылдықтар мен адалдықтарға орын бұйырмады.

Дегенмен, қазіргідей күрделі жағдайда өтіп жатқан электоралды кезеңде барлық жағдай жасалды деген «Ауыл» партиясының өкілдері экзитпол таратқан алдын ала нәтиже 5,75 пайызға көніп отыр. Ал басқа бір экзитполдықтардың айтуынша, «Ауыл» мәслихатта өз бағдарламасын жүзеге асыруы мүмкін.

Әли Бектаев, «Ауыл» партиясының төрағасы:

- «Ауыл» партиясын қолдаған, ауыл партиясына тілеулес болған барлық сайлаушыға ризашылығымызды білдіріп, басымызды игіміз келеді. Бізді қолдаған азаматтарға, аудандық облыстық өңірлік және республикалық штабында жұмыс істеген әріптестерімізге алғыс айтқымыз келеді. Шынында көп жұмыс атқарылды. Сайлау бізге өте үлкен сабақ болды. Өте үлкен тәжірибе болды. Сайлау біздің еліміздің өркендеуі жолында жинақтаған тағы да бір жұмыс болды деп айтуымызға болады.

Экзитпол берген ақпар бойынша, ADAL партиясына 3,07 пайыз қазақстандық таңдауын жасапты. Бұған адалдықтар еш қаймықпай отыр. Тіпті қарсыластары Nur Otan  партиясын құттықтап үлгерді. Партия жетекшісі дегенмен бұл жеңілістің артын жеңіспен жалғамақ. Әрі қарай жұмысты жалғастыра береміз дейді.

Серік Сұлтанғали, ADAL партиясының төрағасы:

- Бұл тек сайлау үшін емес, бұл партия халыққа берген уәдесін қалай орындау керек, соның жолымен жүретін партия. Бұл бүгін халыққа өте керек партия. Экзитпол деген бар, өздеріңіз білесіздер. Соның алғашқы анализі бойынша Nur Otan партиясы бірінші орында келе жатыр. Сондықтан өзім Nur Otan партиясын құттықтаймын.

Аутсайдерлердің бұл пікірін тыңдап болсақ, шетелдегі отандастарымыздың дауыс беру белсенділігіне кезек берейік. Бүгін 53 елдің екеуінде дауыс беру таңғы сағат 7-де тоқтады. Атап айтсақ, АҚШ пен Канададағы сайлау учаскелері таңмен есіктерін жапты. Консулдық есепте тұрған 11 мыңнан астам қазақстандықтың 6402-сі таңдауын жасапты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде