{metadescription}
Садыр Жапаров: Қырғызстанды үш жылда дағдарыстан шығарамын
Садыр Жапаров: Қырғызстанды үш жылда дағдарыстан шығарамын

Садыр Жапаров: Қырғызстанды үш жылда дағдарыстан шығарамын

Қырғызстанда кезектен тыс Президент сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша Садыр Жапаров алда келеді. Осы қорытындыда оның 79,2 пайыз дауыс жинағаны көрсетілді. Қалған үміткерлердің барлығы 3 пайыз дауысқа жете алмады.

Алайда бұл көрсеткіштер сайлау жәшігіндегі автоматтандырылған санағыш құрал арқылы жасалған еді. Дәл қазір дауысты қолмен санау басталып, соған сәйкес Садыр Жапаров 83, ал оның басты қарсыласы Адахан Мадумаров 6 пайыз дауысқа қол жеткізді. Орталық сайлау комиссиясындағылардың айтуынша, сайлаудың ақырғы қорытындысы 20 күннің ішінде шығады.

Көрші елдегі сайлауға 17 үміткер қатысты. Бұдан өзге қырғыз халқы мемлекеттік басқару жүйесін айқындайтын референдумға қатысып, халықтың 80 пайызы президенттік басқару формасын таңдады. Алайда айыр қалпақты ағайын Президент сайлауында онша белсенділік танытқан жоқ. Тізімге енген 3 жарым миллионнан астам адамның 40 пайызға жетер-жетпесі ғана сайлау учаскесіне келген. Ал осы жолғы сайлау биліктің бұра тартуынсыз әділ өтті деп санаған Садыр Жапаров Қырғызстанды үш жылда дағдарыстан шығарамын деп сендірді.

Садыр Жапаров:

- Ақырғы 30 жылда мындай нәрсе қалыптасып қалған. Ол – коррупция. Жай коррупция емес, саяси коррупция, экономикалық коррупция, кландық басқару. Бұдан әрі мұндай ақымақшылыққа жол бермейміз. Бұған дейінгі биліктегілердің қатесін қайталамаймыз. Барлығы ашық болады. Кімде-кім қандай мәселеге қызыққан болса, ел алдында талқылауға дайынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде