{metadescription}
Ассамблея атынан 9 кандидат сайлауға түсіп жатыр
Ассамблея атынан 9 кандидат сайлауға түсіп жатыр

Ассамблея атынан 9 кандидат сайлауға түсіп жатыр

Төменгі палатаға баратын кандидаттарын бүгін Қазақстан халқы ассамблеясы да анықтады. Айта кетейік, 9 мандат осы ұйымға тиесілі. Өз таңдауын Ассамблея төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасады. Дауыс берудің қалай өтіп жатыр? Бейбітшілік және келісім сарайынан тікелей эфир.  

Бүгін таңғы сағат сегізде Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің 28-сессиясын өткізді. Жиынның таңғы сағат 8-де өткізілді. Онан соң Ассамблея мүшелері дауыс беруге кірісті.

Дауыс беруде карантин талаптарына қатты мән берілген. Медициналық бетперде киіп, әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтады. Тіпті аяқтың астында қадам сайын арнайы белгішелер салынған. Сол бойынша ұйым мүшелері кезек-кезегімен келіп дауыс беріп жатыр. Маңызды тұлғалардың арасында үкімет басшысы Асқар Мәмин, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, қала әкімі Алтай Көлгінов және басқалары Ассамблея  сайлауына қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаев та саяси додадағы өз таңдауын жасады. Олар бүгін Ассамблея мүшесі ретінде келіп отыр. Қазақстанның Тұңғыш президенті де басқа дауыс берушілер секілді санитарлық-эпидемиологиялық сақтыққа мұқият мән берген. Елбасының айтуынша, биыл 25 жылдығын атап өтетін Ассамблея ел өміріндегі орны айрықша екенін көрсетіп келеді. Соның арқасында елдегі татулықтың іргетасы сөгілмей, ел тұрақты даму қарқынын жоғалтпай келеді.

Ассамблея атынан 9 кандидат сайлауға түсіп жатыр. Арасында Сауытбек Әбдірахманов қана Мәжілістің алтыншы шақырылымының депутаты. Қалғаны еліміздің заң шығарушы органына жаңадан келетін тұлғалар. Ереже бойынша олардың арасынан дауыс берушілердің, яғни Ассамблея мүшелерінің 50 пайыздан астамының дауысын алуы керек. Қазақстан халқы ассамблеясына бүкіл өңіл бойынша адам 504 мүше. Олар жаңадан сайланатын депутаттардың елге маңызды заңдар қабылдауға белсене атсалысатынына сенімді. Араларында орнын босатып бара жатқандар да бар. Мысалы Владимир Божко саяси өмірден шаршағанын айтады. Ол енді депуттат емес, немерелерінің атасы ретінде өмір сүргісі келетінін айтады. Ал алтыншы шақырылым депутаты Геннадий Шиповских болашақ депутаттарға қатысты ойын білдіреді.

Дауыс беру барысы аяқталды. Қазір дауыс санау басталып та кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде