{metadescription}
Елбасы партияластарын айқын жеңісімен құттықтады
Елбасы партияластарын айқын жеңісімен құттықтады

Елбасы партияластарын айқын жеңісімен құттықтады

Exit poll нәтижесімен Nur Otan-ның республикалық сайлауалды штабында танысқан Елбасы партияластарын айқын жеңісімен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев пандемия мен әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде саяси науқанды мінсіз ұйымдастырудың оңай болмағанын атап өтті.

Билік партиясы парламенттегі басымдыққа кезекті рет ие болып отыр. Елбасы жақтастарын құттықтап қана қоймай, партияның бағдарламасын іс жүзінде орындауды тапсырды. Өйткені тұрғындардың басым бөлігі Nur Otan партиясына үлкен сенім артты. Тұңғыш президент Дүниежүзілік банктың болжамын да тілге тиек етті.  Яғни алда әлемдік экономика тағы да құлдырап, жұмыссыздық өсуі мүмкін. «Ал мұндай қиындықта бірлігі жарасқан қоғам ғана жеңіске жетеді» - деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев Парламент сайлауында Nur Otan-ның оқ бойы озық шығуына партияның әр мүшесінің үлесі барын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш президенті:

Nur Otan-ның басты мақсаты - халық қамы, елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын алшын жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп келе жатырмыз. Баршаңызды партиямыздың бүгінгі жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде