{metadescription}
Экзитпол: Мәжіліске үш партия өтті
Экзитпол: Мәжіліске үш партия өтті

Экзитпол: Мәжіліске үш партия өтті

Сайлаудың алдын ала қорытындысын түнде экзитпол жүргізген ұйымдар айтты – Мәжіліске үш партия өткен. Бүгін енді ресми сандарды Орталық сайлау комиссиясы жариялауы керек.

Елде дауыс беру кеше аяқталғанымен, шетелдегі соңғы сайлау учаскелері бүгін ғана жабылған. Енді Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньнің барлығын санап, бүгін түстен кейін алдын ала қорытындысын жасайды. Алғашқы ресми сандарды 15:00-де жариялайды.

Әзірге экзитпол нәтижелері белгілі. Оны КТК арнасының тапсырысымен Демократия институты мен Қоғамдық пікір ұйымы жүргізген болатын. Сауалнама қорытындысы түнгі 12-ден кейін жарияланды. Экзитпол  қорытындысын тағы бір еске салсақ.

Демократия институтының экзитполы бойынша: Қазақстанның халық партиясы 9,54 пайыз, «Нұр Отанда» 72,01 пайыз, «Ауыл» партиясында 4,93 пайыз дауыс. Ал сауалнамаға қатысқандардың 10,27 пайызы «Ақ жол» партиясын таңдаған екен екен. «Адал» партиясында 3,25 пайыз дауыс.

Қоғамдық пікір ұйымы жүргізген экзитпол қорытындысы да осы шамалас. Қазақстанның халық партиясы 9,03 пайыз дауыс жинаған. «Нұр Отан» партиясы 71,97 пайыз, «Ақ жол» партиясының жинаған дауысы 10,18 пайыз. «Ауыл» партиясын 5,75 пайыз сайлаушы қолдаса, «Адал» партиясын сауалнамаға қатысқандардың 3,07 пайызы таңдаған. Яғни екі экзитполдың да қорытындысы бойынша 7 пайыздық межеден асып, Парламенттің төменгі палатасына 3 партия өтіп отыр. Олар: «Нұр-Отан», «Ақ жол» және Қазақстан халық партиясы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде