{metadescription}
Қазақстандағы кезекті сайлау аяқталды
Қазақстандағы кезекті сайлау аяқталды

Қазақстандағы кезекті сайлау аяқталды

Қазақстандағы кезекті сайлау аяқталды. Апта ішінде Мәжілістің 7-ші шақырылымының депутаттары да белгілі болмақ. Көпшілік ресми қорытындыны асыға күтуде.

Төменгі палатадағы 107 орынның 9-ы Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі. Ал қалған 98 мандатқа 5 партия таласқан болатын. Олар:  Қазақстан халық партиясы, Nur Otan, «Ауыл», Aq jol және Adal партиялары.

Елдің түкпір-түкпірінде 10 мыңға жуық сайлау учаскесі есігін айқара ашып, дауыс беру құқығы бар 12 миллиондай адамның 63 пайыздан астамы өз таңдауын жасады.

Шетелдегі Қазақстан азаматтары да саяси науқаннан қалыс қалған жоқ. Әлемнің 51 елінде сайлау учаскелері жұмыс істеді. Биылғы саяси науқан пандемиямен тұспа-тұс келгендіктен санитарлық талапқа да  барынша мән берілген.

Биылғы Парламент сайлауы мерзімінен бұрын емес, конституциямен бекітілген уақытында өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде