{metadescription}
Ұстаздар мен еден жуушыларға қарбалас жұмыс басталды
Ұстаздар мен еден жуушыларға қарбалас жұмыс басталды

Ұстаздар мен еден жуушыларға қарбалас жұмыс басталды

Саяси науқан мәресіне жетіп сайлау учаскелеріндегі қарбалас аяқталғанымен, ұстаздар мен еден жуушыларға жұмыс енді басталғандай. Бүгін таңнан бастап сайлау бөлімшелері орналасқан мектептер дезинфекцияланып жатыр. Өйткені қысқы каникул аяқталып оқушылардың  тең жартысы 3-ші тоқсанды мектепте бастауы керек еді.

Бірақ кей өңірлерде оқушылар сабақты кешігіп  бастайды. Өйткені Көкшетау, Тараз, Ақтөбе қалаларында таңмен таласа тұрған  мұғалімдер мен еден жуушылар ғимарат ішін тазартып, арнайы ерітіндімен залалсыздандырып жатыр. 

Кешегі саяси додада Ақмола облысында 722 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Олардың барлығы мектептерде орналасты. Яғни бүгін   балалар мектеп  партасына отыруға тиіс ғимаратқа мыңдаған адам кіріп шықты.Енді сол сайлаушылардың артынан жуып,тазарту қарапайым мұғалім мен еден жуушыларға қалды.

1600 оқушысы бар Көкшетаудағы  «Экос»  экологиялық гимназия-мектебінде екі сайлау учаскесі жұмыс істеді. Карантин кезінде дауыс беруге мұнда 2 мыңға жуық сайлаушы келген. Енді саяси науқаннан кейін мектепті оқу процесіне әзірлеу керек. Құрылған арнайы кабиналарды бұзып, стол орындықтарды сүртіп  орнына апарудан басқа ғимарат ішін дезинфекциялау да мұғалімдер мен еден жуушыларға жүктелген. Өйткені ертеңнен бастап мұнда оқушылар келіп оқиды.

Жанар Рақымбекова, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

- Оқушыларды мектепке қабылдауға бәріміз жұмылып жинауға кірістік. Оның үстіне қазір оқушылар қашықтан оқып жатыр. Негізінен 45 еден жуушы мен шаруашылық қызметкерлері арнайы ерітінді қосып, залалсыздандыру үшін есік терезелерді, еденді жууға кірісті.

Көкшетаудағы мектептерді дезинфекциялауға тіпті санитар дәрігерлер де шықты. Олар сайлау учаскесі орналасқан мектептерді аралап, залалсыздандыру жүргізіп жатыр.

Тараздағы мектептер де сайлаудан кейін жаппай дезинфекцияланып жатыр. Еден жуудан басқа  дауыс беру кабиналары да арнайы сұйықтықпен сүртіліп қорапқа салынды. Сөйтіп ол келесі сайлауға дейін қоймада сақталады. Ал білім ошағындағы оқу процесі бір мезетке де үзілген жоқ.

Жанат Жексенбиева, Тараз қалалық №1 көпсалалы гимназиясының мұғалімі:

- Ертеңнен бастап осы кабинеттерде оқу процесі ары қарай жалғасады. Ал бүгінгі кезде дезинфекция жүргізіліп жатыр. Оқу процесі еш бұзылған жоқ. Мектепте бақа есіктер бар, оқушылар карантин нормасын бұзбай содан кіреді.

Гүлнәз Сүлейменова, Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- 263 мектепте кеше сайлау біткеннен кейін барлық дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы қашықтан пандемия кезіндегі қашықтан оқу процессі бұл біздерге балалардың оқу бағдарламаларын үзіліссіз оқу процессінің басталуына үлкен септігін тигізіп тұр.

Ақтөбе облысында да  учаскелер орналасқан  400-ден аса мектепте сайлаудан соң түнімен залалсыздандыру жұмыстары жүрген. Сондықтан түстен кейін оқулары  басталады. Түске дейін оқушылардың тең жартысы  қашықтан оқып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде