{metadescription}
Мәжілістің VII шақырылымына баратын жаңа депутаттар кім?
Мәжілістің VII шақырылымына баратын жаңа депутаттар кім?

Мәжілістің VII шақырылымына баратын жаңа депутаттар кім?

Мәжілістің 7-ші шақырылымына баратын жаңа депутаттардың алды белгілі екен. Олар кімдер?

Қазақстан халық ассамблеясының Мәжілісте 9 мандаты бар. Ассамблея үміткерлерге дауыс беріп, 9 депутат сайланды.

Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша 28-ші сессиясын өткізген Ассамблея барлық кандидатын қолдапты. Сайлауға түскен 9 кандидаттың сегізі жаңадан депутат атанайын деп отыр. Бейбітшілік және келісім сарайында өткен саяси дода ғимараттың атына сай ың-шыңсыз, барлық талапқа сай өтті.

Таңертең бастап түске дейін сайлау өткізген Ассамблея шамамен түскі сағат 12-нің кезінде аяқтады. Бүкіл дауыс саналып, нәтижесінде ұсынылған 9 кандидаттың бәрі де Мәжіліске депутат болып баратын болды. Бұл жерде түсіндіре кететін жағдай Ассамблеяға ұсынылған 9 орынға қатысты. Ереже бойынша ұйым мүшелерінің 50 пайыздан астамы келіп дауыс беруі тиіс. Тек сол жағдайда ғана сайлау өткен болып саналады. Ал этностар бірлестігінде барлығы 504 адам мүше ретінде тіркелген. Сайлау нәтижесі бойынша дауысты санап шыққан комиссия мүшелері барлығы 351 адамның қатысқанын айтты. Демек кандидаттардың депутат атануына кедергі жоқ. Тіпті сайлаушылардың өзі де осы жиынға құдды бір мерекеге келгендей жүр. Бәрінің көңілі көтеріңкі. Тіпті ұтымды сәтті пайдаланып естелік суретке түсіп жатқандар көп.

9 кандидаттың ішінде тек біреуі, яғни Сауытбек Әбдірахманов қана қазіргі Мәжіліс депутаты. Қалған үшеуі этномәдени орталықтардың басшылары. Біреуі фермер екен. Тағы бірі Жамбыл облысы, Сарытөбе ауылдық округінің әкімі. Тағы басқалары түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен білім саласының маманы болып шықты. Дауыс беру аяқталған соң сайлау нәтижелері Ассамблея мүшелерінің алдында ресми жарияланып, кімнің қанша пайыз дауыс жинағанына дейін статистикалық мәлімет келтірілді.

Бақыт Бектемісова, сайлау учаскесінің төрайымы:

- «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 94/1-бабына сәйкес ҚХА сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау нәтижелері бойынша хаттама ОСК-на жедел жіберілетін болады. ОСК Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындысын анықтап, БАҚ-на жариялайды.

Бейбітшілік және келісім сарайындағы дауыс беруде карантин талаптарына қатты мән берілген. Медициналық бетперде киіп, әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталған. Маңызды тұлғалардың арасында үкімет басшысы Асқар Мәмин, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, қала әкімі Алтай Көлгінов және басқалары келіп азаматтық белсенділігін танытып жатты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаев та саяси додадағы өз таңдауын жасады. Бүгін олар сайлауға Ассамблея мүшесі ретінде қатысып отыр. Мемлекеттің басты тұлғалары да санитарлық сақтыққа қатты мән бергені көрініп тұр. Елбасының айтуынша, Ассамблея ел өміріндегі орны айрықша екенін көрсетіп келеді. Соның арқасында елдегі татулықтың іргетасы сөгілмей, ел тұрақты даму қарқынын жоғалтпай келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстанның Тұңғыш президенті: 

25 жылдан бері қарай елдің ішіндегі көп этностардың, көп діндердің арасындағы бір-біріне жақындастыратын, толеранттылықты тәрбиелейтін, бірлікті тәрбиелейтін елімізді алға жетелейтін үлкен бірегей орган болып келе жатыр. Басқа елдер, халықтар бізден үйреніп жатыр. Сондықтан Ассамблеядан сайланған біздің депутаттарымыз елдің бірлігін сақтап, әр этностардың құқығын сақтап, қазақ халқының төңірегінде барлық халықты біріктіретін бір ұйым болып саналады.

Мәжілістің VII шақырылымына жаңа депутаттар сайланып жатса, кейбірі Парламенттің жұмсақ креслосын босатып жатыр. Мәселен6 Владимир Божко саяси өмірден шаршағанын айтады. Ол енді депуттат емес, отбасында немерелерін қарап өмір сүргісі келетінін айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.