{metadescription}
5000 бақылаушы 500 заң бұзу фактісін анықтаған – Taza sailau
5000 бақылаушы 500 заң бұзу фактісін анықтаған – Taza sailau

5000 бақылаушы 500 заң бұзу фактісін анықтаған – Taza sailau

5000 бақылаушы 500 заң бұзу фактісін анықтаған. Парламент сайлауын бақылаған «Таза сайлау» атты тәуелсіз бақылаушылар ұйымы осындай деректерді келтірді. Белсенділер қажетті материалдарды құқық қорғау органдарына жолдағанын жеткізді. 

Ұйым мүшелері cаяси науқанда 3138 сайлау учаскесін бақылапты. Осылайша «Таза сайлау» өкілдері елімізде жұмыс істеген 10 мың сайлау учаскесінің тек 31 пайызын қамтыған. Заң бұзушылықтар арасында өзгенің атынан дауыс беру, қайта дауыс беру, бір кабинаға екі адамның кіруі, дауысты дұрыс санамау және санитарлық талаптарды орындамау сынды фактілер бар. Жалпы тіркелген деректердің 16 пайызы бұрмалаушылық екен. Ұйымның мәліметінше, Парламент сайлауында қитұрқы әрекеттерге жол бергендердің көшін Алматы, Нұр Сұлтан және Шымкент бастап тұр.

Ерқанат Көпжасар, Taza sailau ұйымының мүшесі:

- Тәуелсіз бақылаушылар ПТР-сынаманы тегін өтті. Сол сынамаларға мөр қойылған, бірақ қол қойылмаған. Білмеймін, әдейі істелді ме, әйтеуір көп бақылаушыларымыз кіре алмай қалды. Ел бойынша 38 бақылаушымыз кіре алмай қалды. Біз өзіміз алған учаскелерді бастан-аяқ қамтуға тырыстық. Санаудың бәріне біздікілер қатысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.