{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев: Nur Otan партиясының басты мақсаты – халық қамы
Нұрсұлтан Назарбаев: Nur Otan партиясының басты мақсаты – халық қамы

Нұрсұлтан Назарбаев: Nur Otan партиясының басты мақсаты – халық қамы

Nur Otan жеңісін тойлауды бастап кетті. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жақтастарын «Нұр Отанның» республикалық сайлауалды штабында келіп құттықтады. Елбасы пандемия мен әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде саяси науқанды мінсіз ұйымдастырудың оңай болмағанын атап өтті.

Елбасы жақтастарын құттықтап қана қоймай, партияның бағдарламасын іс жүзінде орындауды тапсырды. Өйткені тұрғындардың басым бөлігі Nur Otan-ға үлкен сенім артты. Тұңғыш Президент Дүниежүзілік банктың болжамын да тілге тиек етті.  Яғни алда әлемдік экономика тағы да құлдырап, жұмыссыз адамдар көбеюі мүмкін. Ал мұндай қиындықта бірлігі жарасқан қоғам ғана жеңіске жетеді деді Елбасы. Назарбаев Парламент сайлауында Nur Otan-ның оқ бойы озық шығуына партияның әр мүшесінің үлесі барын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш президенті:

Nur Otan-ның басты мақсатыхалық қамы, елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын алшын жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп келе жатырмыз. Баршаңызды партиямыздың бүгінгі жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.