{metadescription}
Сайлаудың алғашқы ресми қорытындысы
Сайлаудың алғашқы ресми қорытындысы

Сайлаудың алғашқы ресми қорытындысы

Сайлаудың алғашқы ресми қорытындысы да белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясының нәтижесі экзитполдың кешегі қорытындысымен қарайлас.

Қазақстан халық партиясы 9,1 пайыз сайлаушылардың қолдауына ие болған. Nur Otan партиясына 71,09 пайыз адам дауыс беріпті. Aq jol партиясының жинаған дауыс саны 10,95 пайыз. 7 пайыздық межеден асқан осы үш партия енді Мәжіліс мандаттарын өзара бөліседі. Ал «Ауыл» партиясына 5,29 пайыз адам дауыс берсе, ADAL партиясын 3,57 пайыз сайлаушы қолдапты. 

Осы жолғы саяси додада елдегі дауыс беру құқы бар сайлаушылардың 63 пайызы өз таңдауын жасаған екен.

Бір сағат бұрын Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан тарихындағы жетінші парламент сайлауын тағы бір сүзгіден өткізді. Мемлекеттік орган өңірлерден электронды түрде келіп түскен хаттамалар негізіндегі құжаттарға сүйене отырып, алдын ала нәтижені жариялады. Нақты қорытындының қашан шығатыны белгісіз.

Аймақтардағы ағайынның көбі «Нұр Отанға» дауыс берген. Көрсеткіш 70 пайыздан асады. Ал еліміздің ірі қалалары билік партиясын аса жақтай қоймаған секілді. Ылғи өздерін Солтүстік өңірдің аманатын арқалап жүрміз деп санайтын Қазақстан халық партиясы солтүстікқазақстандықтардың қолдауына көптеп ие болыпты. Сонымен экзитпол емес, ресми Орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесіне сәйкес, Парламенттегі көп орын «Нұр Отан» партиясына бұйырды.

Сәбиля Мұстафина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Сайлаушылар дауысы былайша бөлінді: Nur Otan партиясы 71,09 пайыз, Aq jol Қазақстанның демократиялық партиясы 10,95, Қазақстан халық партиясы 10,95 пайыз, Ауыл 5,29, Адал саяси партиясы 3,57 пайыз.

Қазақстандағы 12 миллиондай сайлаушының 63,3 пайызы таңдауын жасады. Өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан облысы алға шықса, Нұр-Сұлтан мен Алматы халқы өте аз дауыс берді. Мұны сарапшы мамандар, мәселен, саясаттанушы Данияр Әшімбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қалалардағы карантин шаралары мен экономикалық проблемалардан кейін селқостық күшейіп кеткенімен түсіндіреді. Сол себепті респонденттердің аз келгені әкімдерге көп нәрсені аңғартуы тиіс деп түйіндеді. Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі 50 пайыздан асатынын еске салу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде