{metadescription}
Садыр Жапаров алғашқы сапарын Қазақстаннан бастайды
Садыр Жапаров алғашқы сапарын Қазақстаннан бастайды

Садыр Жапаров алғашқы сапарын Қазақстаннан бастайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы кезектен тыс Президент сайлауында жеңіске жеткен Садыр Жапаровты құттықтады. Онымен телефон арқылы тілдескен Мемлекет басшысы бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықты қос халықтың мүддесіне сай одан әрі дамыту керектігіне назар аударды.  Тоқаев Жапаровты елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Өз кезегінде қазақ халқы мен мемлекет басшысына алғысын жаудырған Садыр Жапаров Президент есебіндегі алғашқы сапарын  Қазақстаннан бастайтынын жеткізді. Саяси додада бағы жанған ол  Қасым-Жомарт Тоқаевты еліміздегі Парламент сайлауының сәтті өтуімен құттықтауды да ұмытпады.

Қырғызстандағы кезектен тыс Президент сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша Садыр Жапаров 79,2 пайыз дауыс иеленді. Бұл көрсеткіш  сайлау жәшігіндегі автоматтандырылған санағыш құрал арқылы жасалған еді. Қазір дауысты қолмен санау жалғасып жатыр. Орталық сайлау комиссиясындағылардың айтуынша 17 үміткер қатысқан сайлаудың ақырғы қорытындысы 20 күннің ішінде шығады. Бұдан өзге қырғыз халқы мемлекеттік басқару жүйесін айқындайтын референдумға қатысып, халықтың 80 пайызы президенттік басқару формасын таңдады. Жапаровтың өзі енді елде жең ұшынан жалғасуға жол берілмейді деп отыр.

Садыр Жапаров:

- Ақырғы 30 жылда мындай нәрсе қалыптасып қалған – коррупция. Жай коррупция емес, саяси коррупция, экономикалық коррупция, кландық басқару. Бұдан әрі мұндай ақымақшылыққа жол бермейміз. Бұған дейінгі биліктегілердің қатесін қайталамаймыз. Барлығы ашық болады. Кімде-кім қандай мәселеге қызыққан болса, ел алдында талқылығанға даярмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде