{metadescription}
Кассадан ақша ұрлап, жайбарақат кетіп қалған – Петропавл
Кассадан ақша ұрлап, жайбарақат кетіп қалған – Петропавл

Кассадан ақша ұрлап, жайбарақат кетіп қалған – Петропавл

Петропавлда жанар-жағармай құю станциясы тоналды. Түн ішінде медициналық бетперде киіп келген ұрының іс-әрекеті  бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полицейлер оның  ізін суытпай қолға түсірді.

Күдіктінің кеше не істегенін бейнебақылау камерасына түсіп қалған әрекеті есіне түсіретін болады. Бұрында бірнеше рет сотталған 36 жастағы азамат  темір қоқыс жәшігімен жағармай құю станциясының терезесін сындырып ішке кірген. Касса аппаратын ашып, ондағы 40 мың теңгені қалтасына басып жәабарақат кетіп қалған. Станция операторы полицияға хабар беріп үлгеріпті. Ұры екі сағатта ұсталды. Жүк тасушы болып жұмыс істейтін жігіт ұсталған кезде де мас болған. Ал ұрланған ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгеріпті. 

Азамат Құсайынов, СҚО ПД басқарма бастығының орынбасары:

Тінткен кезде жалдамалы пәтерде тұрып жатқан қылмыскер анықталды. Бұрын сотталған. Петропавл қаласының тұрғыны. Қазір ҚР ҚК 191-бабымен қылмыстық іс жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде